Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

«Жомарт Жүрек» иелері

Астана қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен қайырымдылық саласындағы үздік меценаттар мен филантроптар үшін «Жомарт Жүрек» республикалық сыйлығының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

«Жомарт жүрек» сыйлығы 5 номинация бойынша қайырымдылық жасау және оны насихаттауға елеулі үлес қосқан жомарт жандарды ардақтау және ынталандыру, оларға қоғамның назарын аудару мақсатында 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл байқаудың республикалық деңгейіне Қостанай облысынан 5 үміткер қатысып, барлығы жеңімпаздар қатарынан табылды: «Жыл Тұлғасы» – «Алмаз» фирмасының директоры Кригер Геннадий Владимирович (Қарабалық ауданы); «Жыл Меценаты» – «Құнарлылық» ЖШС директоры Ковальский Виктор Федорович (Қарасу ауданы); «Туған өлке» – «Қарқын агрофирмасы» ЖШС директоры Бұқанов Еркін Сайранұлы (Меңдіқара ауданы); «Жылдың үздік ұйымы» – «Варваринское» АҚ (Б. Майлин ауданы); «Жылдың үздік қамқоршысы» – «Қостанай облысының іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ (Қостанай қаласы).