Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Аймақ жұртшылығымен кездесті

4 ноября 2022 10:00 • 459 просмотров

Ағымдағы жылдың 29 қазан күні Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қостанай облысына жұмыс сапары барысында тұрғындармен, бизнес өкілдерімен, аймақ жұртшылығымен кездесті.

Кездесу барысында вице-премьер үкіметпен азаматтарды әлеуметтік қолдау, негізгі азық-түлік бағасын тұрақтандыру аясында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

— Азаматтардың жеке қабылдауында облыстың ауыл шаруашылығы өндірушілері жұмыртқа, ет, сүт өнімдерін өндіру мен өткізуге қатысты тың мәселелерді көтерді. Өндірушілер өндіріс көлемін қамтамасыз етуге және ұлғайтуға дайын, оларға мемлекеттің қолдауы қажет. Өз тарапынан үкімет қазір «айналым» схемалары бойынша өндірушілерге қаржыландыру бөлу тетіктерін өзгертуде, осылайша қаражат тікелей өндірушілерге түседі және олар шикізат пен егінді төмен бағамен сатып ала алады. Бұл негізгі азық-түлік бағасының күрт өсуін болдырмауға көмектеседі, әсіресе маусымаралық уақытта. Жақында қант зауыттарымен меморандумдарға қол қойылды, айналым қаражаты шикізатты уақытылы сатып алумен қатар, оларға өндірісті жаңғыртуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Серік Жұманғарин.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалық қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде, олардың тізбесін 19 атау қамтиды. «Айналым схемасы» бойынша қаржыландыру тетігі қайта форматталды, маусымаралық кезеңде Орталық Азия елдерінен ерте импорттық жеміс-көкөніс өнімдерін форвардтық сатып алуды ұйымдастыру мәселесі пысықталуда. Бүгінгі таңда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде Қазақстанның ірі сауда желілерімен әлеуметтік өнімдерге сауда үстемесін 10% – дан асырмау туралы 60-тан астам меморандумдар жасалды.

Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қостанай облысының жұртшылығымен кездесуде министрлік әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеуді жалғастыратынын айтты.

Бұл ретте, мемлекет азаматтардың қорғалмаған санаттарына атаулы көмек (есептеу қаражаты) көрсету мүмкіндігін қосымша зерделеуде. Осы мақсатта Қазақстанда «Әлеуметтік әмиян» жобасы әзірленуде.

Азаматтың ЖСН негізінде «Әлеуметтік әмиян» автоматты түрде құрылады және оған мемлекет бөлген ақша түседі. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін «әлеуметтік әмиян» модулі eGov mobile қосымшасында іске асырылатын болады. Мұның бәрі – «әлеуметтік әмиян» қосымшасын жүктеп алу, авторизациядан және сәйкестендіруден өтуді қажет етеді.

Мысалы, мектепте ыстық тамаққа жолдаманы алу үшін ата-аналарға өтініш берудің қажеті жоқ, SMS-хабарлама автоматты түрде келетін болады. Сондай-ақ, баланың көлік картасы мектепте түскі ас қабылдау үшін әлеуметтік әмиянға тіркеледі.

Жүйені іске асыруды бастау ағымдағы жылы Астана қаласында жалпы білім беретін мектептерде тегін және жеңілдікпен ыстық тамақ беру және дәрілік заттарды (МӘМС, ТМККК шеңберінде) беру жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде жоспарланған.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың соңына дейін отбасының цифрлық картасы мен «әлеуметтік әмиянды» интеграциялау жоспарланған, бұл болашақта әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларды анықтауға және мемлекеттік қолдау шараларын алдын ала көрсетуге мүмкіндік береді.

«Әлеуметтік әмиянды» коммерциялық пайдалануға 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосу жоспарланып отыр.

Сауда және интеграция министрі азаматтар мемлекеттен «әлеуметтік жәрдемақыны» алуды көздейтін әлеуметтік әмиянды іске асыру жобасына жеке тоқталды. «Әлеуметтік әмиян» азаматтың ЖСН негізінде автоматты түрде құрылады, оған мемлекеттен бөлінетін ақша түседі. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін «әлеуметтік әмиян» модулі eGov mobile қосымшасында қол жетімді болады. Ол үшін бар болғаны «әлеуметтік әмиян» қосымшасын жүктеп, авторизация мен сәйкестендіруден өту қажет. 2022 жылдың соңына дейін пилоттық жобалар шеңберінде әлеуметтік әмиянда мемлекеттік қызметтің үш түрі тестіленеді.

Кездесуге келген қатысушылардың бірі – «Казторгтранс» ЖШС директоры Халиулла Гран Ака отандық тауарларды сыртқы нарықтарға шығарудағы өнеркәсіптік қызмет субъектілеріне шығындарды өтеу қағидаларының жаңа редакциясынан ұнды алып тастау мәселесін көтерді. Ол бұл мемлекеттің айтарлықтай қолдауы екенін, соның арқасында бұрын ұн өндірушілер көлік шығындарын өтейтінін атап өтті. Серік Жұманғарин экспорттаушыларға шығындарды өтеу тоқтатылмағанын, әрі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, оның ішінде 2022 жылы көзделген ұн өндіру кәсіпорындарының барлық өтінімдері міндетті түрде қаралатынын баса айтты. Бұдан басқа, қазір сауда және интеграция министрлігі агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің шығарылған түрлерін өңделген тауарлар тізбесіне қайтару бөлігінде бұйрыққа өзгерістер дайындады. Кездесу қорытындысы бойынша министр брифингте қатысып, БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

Сапар барысында Серік Жұманғарин жармалардың ең кең ассортименті бар Қазақстан өндірушілерінің үштігіне кіретін «Мибеко» ЖШС қызметімен танысты. Компанияның бас директорының орынбасары Мырзамұқым Қадыровтың айтуынша, кәсіпорын Қазақстанның 5 өңірін өз өнімдерімен қамтамасыз етіп, 9 елге экспорттайды. Сондай-ақ, вице-премьер Қазақстанның ірі агрохолдингтерінің бірі «Олжа Садчиковское» ЖШС сүт фермасында болды. Өндіріс 7000-ға жуық адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр. Кәсіпорын сүттің барлық өндірістік циклін цифрландырды, өсімдік және мал шаруашылығында ғылыми тәсілді қолданады. Агрохолдингтің одан әрі дамыту, оның ішінде көтерме-тарату орталығын салу бойынша үлкен жоспарлары бар. Барлық жобалар вице-премьерге ұсынылды.

— Бүгінгі таңда, Қостанай облысы әлемнің 80-нен астам елімен тауар айналымын жүргізуде. Біз экономикамызды халықаралық институттар үшін ашық ұстай отырып, белсенді және нысаналы сыртқы сауда саясатын жүргізудеміз. Бұл облыстың сыртқы сауда айналымының өсуімен расталды, ол үш жылдың ішінде 1,5 еседен астам ұлғайды және ағымдағы жылдың 9 айында 2,7 млрд АҚШ долларын құрады, – деп атап өтті өңір басшысы Архимед Мұхамбетов.

Сапар нысандарының бірі – «Мибеко» ЖШС, бұл кәсіпорын ұн және жарма өндіру және сатумен айналысады. Сондай-ақ Министр «Олжа Садчиковское» ЖШС қызметімен танысты, оның барысында аталған кәсіпорын басшылығы бірқатар жобаларды таныстырды.

Бетті дайындаған Маржан Алпыс, суреттерді түсірген автор