Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Көгілдір отын беріледі

10 ноября 2022 15:30 • 412 просмотров

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов өткен аптада Қостанай ауданында газ тарату станциясының құрылысын тексерді. Бұл нысан бірнеше ауданды көгілдір отнымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні өнімділігі 150 000 м3/сағ АГТС-150 құрылысы жүргізілуде, бұл Қостанай ауданының «Бәйтерек», «Астана», сондай-ақ Қостанай қаласының «Қонай» шағын аудандарын газдандыруға мүмкіндік береді. Магистральдық газ құбырының жалпы ұзындығы-401,5 м, ал жоғары қысымды газ құбыры-17,5 шақырым.

Нысанның құны 3,9 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар, осы газ тарату станцияының құрылысы Қостанай және Алтынсарин аудандарының ауылдарын қосымша газдандыруға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, алдағы уақытта Ұзынкөл, Меңдіқара және Сарыкөл аудандарының аудан орталықтарын да қамтамасыз ететін болады.

Бетті дайындаған Маржан Алпыс, суреттерді түсірген автор