Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қос ауданды аралады

10 ноября 2022 12:30 • 391 просмотров

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Қамысты және Денисов аудандарына барды. Сапар барысында ол аудан тұрғындарымен кездесті.

Бірінші кезекте, өңір басшысы Қамысты ауданы Бестөбе ауылында халықпен кездесті. Тұрғындар шағын футбол алаңын салу, кентішілік жолдарды жөндеу, дәрігерлік амбулаторияны материалдық-техникалық қамтамасыз ету және басқа да бірқатар мәселелерді көтерді. Жалпы, Қамысты ауданында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы байқалады.

Көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында соңғы үш жылда автомобиль жолдары мен көшелерді жөндеуге шамамен 2 млрд. 459 млн теңге бөлінді. Жалпы ұзындығы 10,7 шақырым ауылдардағы 14 көшеге, сондай-ақ аудандық маңызы бар 66,4 км автожолға жөндеу жүргізілді.

Ауданда бірқатар инвестициялық жобалар белсенді жүзеге асырылуда. «Алтынсарино» ЖШС-де өнімділігі сағатына 20 тонна болатын «PETKUS» астық тазарту кешені құрылысының жобасы іске асырылды, ол ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Жобаның құны-755 млн теңге.

Қамысты ауылында «ПКФ Қайрат» ЖШС құрама жем цехын салу жобасын іске асыруда. Жобаның құны 700 млн теңгені құрайды. Жоспарлы жұмыс халықтың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелерін шешу бойынша жүргізіледі.

Мәселен, соңғы жылдары Қамысты ауылында 9 пәтер сатып алынды. Бұл пәтерлер ауданның медициналық мекемелерінің қызметкерлеріне, жетімдеріне және көпбалалы отбасыларына берілді.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы іске асырыла бастағаннан бері ауданда 1 млрд. 45 млн.теңге сомасына 12 жоба іске асырылды. Сондай-ақ медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасы жақсартылды.

Сонымен қатар, облыс әкімі Бестөбе және Адаев ауылдарын сумен жабдықтаудың тарату желілері мен құрылыстарының құрылысымен танысты. Сыртқы су құбырының жалпы ұзындығы – 64,7 км. Жобаның құны – 1 млрд. 294 млн теңгені құрайды.

Сапарының жалғасында өңір басшысы Денисов ауданындағы Фрунзенское ауылының тұрғындарымен кездесті. Халықтың өмірін жақсарту үшін биыл ауданда бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру көзделген.

Бүгінгі таңда ауданды дамыту бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде.

Сапалы инфрақұрылымды жүйелі дамыту мақсатында соңғы үш жылда автомобиль жолдары мен көшелерді жөндеуге 1,4 млрд теңге бөлінді, 12 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудан экономикасындағы негізгі сала – ауыл шаруашылығы. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 324 мың гектардан асты.

Сондай-ақ, облыстық бюджет қаражаты есебінен 6 білім беру ұйымында ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Сонымен қатар, биыл ауданның 12 мектебінде химия кабинеті, робототехника кабинеті және тағы басқа қажетті заттар сатып алынды.

Спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларға үлкен мән беріледі. Ағымдағы жылы аудандық бюджет қаражаты есебінен Фрунзенское ауылында балалар ойын алаңы орнатылып, спорттық құралдар сатып алынды.

Бұдан соң ол Фрунзенское және Красноармейское ауылдарын сумен жабдықтаудың тарату желілерінің құрылыстарын қарап шықты. Жоба «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды, құны 953 млн теңге.

Сонымен қатар, екі аудандағы сайлау учаскелеріне барды. Сайлау инфрақұрылымының алдағы президенттік сайлауға дайындығымен танысты.