Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Бейімбет Майлин ауданы мен Рудный қаласына барды. Сапар барысында ол аудан тұрғындарымен кездесті. Бірінші кезекте, екі өңірдің халқына жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, олардың сұрақтарына жауап берді.
Жергілікті тұрғындарды ТКШ, қаңғыбас иттер, жайлы мектептер салу, жолаушылар тасымалы, көшелерді жарықтандыру және т. б. мәселелер алаңдатады.
Жалпы, Бейімбет Майлин ауданында ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өндірісінің оң серпіні қалыптасты, бюджетке салықтар мен басқа да төлемдердің жоспардан тыс түсуі қамтамасыз етілді, өмір сапасы артып, жұмыссыздық деңгейі төмендеді.
Егін жинау науқанының қорытындысы бойынша жалпы астық жинау гектарына 10 центнерден 129,2 мың тоннаны құрады.
Ауданда бірқатар инвестициялық жобалар белсенді жүзеге асырылуда. Мысалы, «Kst Beton 2022» кәсіпорны тауарлық бетон шығаруды және темірбетон бұйымдарын дайындауды жолға қойды, жобаның құны 110 млн.теңге, жобалық қуаты – сағатына 40 м3. Юбилейное ауылында «FISH Estate» балық питомнигі ақ балық, тұқы балық тұқымдарының уылдырығын инкубациялауды ұйымдастырды.
Жергілікті атқарушы органдар қызметінің басым бағыты әлеуметтік саланы дамыту болып табылады. «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында жалпы сомасы 815,9 млн теңгеге әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеу бойынша 3 жоба іске асырылды.
Соңғы үш жылда білім беру саласында 256 млн теңге сомасына 11 мектеп ағымдағы жөндеумен қамтылды.
Дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін хоккей корты орнатылды, сондай-ақ «Варваринское» АҚ бөлінген қаражаттарының арқасында шағын футбол алаңы салынды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту және елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмыстар толық көлемде жүзеге асырылады.
Рудный қаласында осы жылдың тоғыз айында 586 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, кірпіш, дезинфекциялау, жуу құралдары, макарон өнімдерінің өндірісі ұлғайды, темір кені концентраттарының, түйіршіктердің, сүт өнімдерінің өндірісі артты.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өнімі 12 млрд. 602 млн теңгені құрады.
Автожолдарда жөндеу жұмыстары жалғасуда. Рудный қаласында жолдар мен тротуарларды орташа жөндеуге 740 млн теңге бөлінді.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы аулаларды абаттандыру жұмыстары жалғасып, 12 спорт-ойын алаңдары орнатылды.
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында тұрғын үй тапшылығы проблемасын шешу үшін үй салуға 1,4 млрд теңге бөлінді.
Қазіргі уақытта жоғары тұрған органдардың да, халықтың да басты талабы – адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық өркендеуін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, облыс әкімі Архимед Мұхамбетов сапар соңында екі өңірдегі алдағы президенттік сайлауға дайындығымен танысты.
Бетті дайындаған Бақыт ТҰРАШ, суреттерді түсірген автор