Облыстық әкімдік ғимаратында барлық деңгейдегі әкімдермен селекторлық кеңес өтті. Оның барысында бірқатар мәселелер қарастырылды. Бірінші мәселе – Қостанай облысының жергілікті маңызы бар автожолдарын қысқы күтіп ұстауға дайындау туралы. Екінші мәселе – «Ауыл – ел бесігі» жобасының іске асырылу барысы. Үшінші мәселе – облыста 2022–2023 жылдардағы жылыту маусымының өтуі туралы.
Барлық деңгейдегі әкімдермен селекторлық кеңесті облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өткізді.
Бірінші мәселе – Қостанай облысының жергілікті маңызы бар автожолдарын қысқы күтіп ұстау дайындығы. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын ұстауға биыл облыстық бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінді. Биыл жол басқармасы 2022 жылдың соңына дейін 11 мердігерлік жол ұйымдарымен облыстық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстау жөнінде шарт жасасты. Облыста жергілікті желінің автожолдарына қызмет көрсету үшін барлығы 269 бірлік қар тазалау техникасы бар.
Қыс мезгілінде қауіпсіз және үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, ТЖД және әкімшілік полиция басқармасы арасында ТЖ туындаған кезде бірлескен іс-қимыл алгоритмі әзірленді, онда қолайсыз ауа-райы жағдайында автомобиль жолдарын пайдалану және күтіп ұстау мәселелері бойынша хабарлау және хабардар ету жоспары енген.
Әрі қарай «Ауыл – ел бесігі» жобасының іске асырылу барысы қарастырылды. Жалпы, 2019–2021 жылдар аралығында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 142,6 мың адам тұратын 35 ауылда 14,4 млрд.теңгеге 214 жоба іске асырылды. Биыл облыстың 38 тірек және спутниктік ауылдарында 80 жобаны іске асыруға 7 млрд. 543 млн теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда 65 жоба аяқталды. 8 жоба аяқталу сатысында, тағы 3 жоба жыл соңына дейін бітеді, қалған жобалар келесі жылға ауысады.
Ал 2023 жылы 43 ауылда 8,7 млрд.теңге сомасына 88 жоба алдын ала мақұлданды. Денисов ауданы Гришенка және Фрунзенское ауылдарының 2 автономды жылу көздерін, Б. Майлин ауданы Әйет ауылының 4 спорт кешенін, Қостанай ауданы Заречное ауылын, Меңдіқара ауданы Боровское ауылын, Науырзым ауданы Караменді ауылын, Қостанай ауданы Заречное ауылының балаларын оңалту мен емдеуге арналған жабық манежді және Қостанай ауданы Заречное ауылының мәдени-демалыс орталығының ғимаратын салу жоспарланған.
Амангелді ауданы Үрпек ауылының, Меңдіқара ауданы Молодежное ауылының, Сарыкөл ауданы Тимирязев ауылының, Федоров ауданы Пешковка ауылының жалғасып жатқан 4 жобасы бойынша мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, Б. Майлин ауданы Береговое ауылы, Меңдіқара ауданының Красная Пресня және Федоров ауданының Костряков ауылдарында 3 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі.
Сондай-ақ, ауылдарда 73 кентішілік жолға жөндеу жүргізу жоспарлануда.
Үшінші мәселе – облыста 2022–2023 жылдардағы жылыту маусымының өтуі туралы. Облыста 2022–2023 жылыту маусымы жоспарлы режимде өтуде. Барлық нысандар жылумен жабдықтау жүйесіне қосылған. Ағымдағы жылдың қараша айындағы жағдай бойынша 401,8 мың тонна көмір дайындалды. Барлық білім беру және денсаулық сақтау нысандары көмірмен толық қамтамасыз етілген. Облыс халқы үшін 25 тұйықтағы көмір көлемі 24,5 мың тоннаны құрайды. Облыста 11 жылумен жабдықтаушы кәсіпорын жұмыс істейді.
Арқалық қаласы бойынша көмір дайындау көрсеткішінің негізгі үлесі Арқалық ЖЭО-на тиесілі, бұл ретте ЖЭО үшін көмір дайындау бекітілген жеткізу кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Соңғы аптада облыста 131 жартылай вагон немесе 9 039 тонна көмір түсірілді. Жартылай вагондарды түсірудің осы қарқыны кезінде облыс ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына қарай көмірмен толық қамтамасыз етілетін болады.
Бір тоннаға маркалар бойынша тұйықталған көмірдің орташа құны Богатырь – 13500 теңге; Шұбаркөл – 16500 теңге; Майкуба – 14200 теңге; Қаражыра – 17900 теңге.
Халық үшін көмір сатып алу шарттарын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Homebank банктік қосымшасы арқылы әлеуметтік көмірді сатуды енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Пилоттық режимде облыстың 2 ірі жеткізушісі өз қызметін жүзеге асырады.
«Homebank» қосымшасының көмегімен тұтынушылар сату нүктесін, қажетті марканы, көмір көлемін таңдап, төлем жасай алады. Бұл функция көмірді 3 айдан 6 айға дейін бөліп немесе 36 айға дейін несиеге сатып алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қазан айынан бастап Қостанай қаласының тұрғындары Smart Qostanay қосымшасы арқылы көмірдің көлемі мен маркасына мониторинг жүргізуге мүмкіндігі бар.
Барлық деңгейдегі әкімдердің назарын жылу беру маусымының бұзылуына жол бермеуге, жабдықтар мен желілерге уақтылы тексеру жүргізуге, халық арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін ақпараттық материал тарата отырып, аулаларды аралауға, сондай-ақ қатты отынды уақтылы дайындау тасырмасы жүктелді.
Сондай-ақ, жиын соңында қаңғыбас және қараусыз қалған үй жануарларына арналған баспаналарды ұйымдастыруға қатысты мәселе қаралды. Қазіргі уақытта қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу мәселесі өзекті болып қала береді.
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күшіне енуіне байланысты 2022 жылғы 2 наурыздан бастап қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға және өлтіруге тыйым салынады. Осы Заңды іске асыру мақсатында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрықтарымен және облыс жұртшылығы мен зооқорғаушылардың пікірін ескере отырып, 2022 жылғы 17 қазанда облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында бекітілген үлгілік қағидалар қабылданатын болады.
Бетті дайындаған Маржан Алпыс, суреттерді түсірген автор