Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Кәсіпкерлермен келелі кездесу

24 ноября 2022 12:13 • 150 просмотров

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов облысымыздың кәсіпорын басшыларының қатысуымен және бизнес өкілдерімен кеңес өткізді. Кеңес барысында еңбек инспекциясы басқармасы басшысының м. а. В. П. Гурин кәсіпорындардағы өндірістік жарақаттану жайында есеп берді.

Бүгінгі таңда өнеркәсіп өнімін өндірумен облыстың 890-нан астам кәсіпорны айналысады, онда 42 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Бұл мәселе облыстың атқарушы органдарының ерекше бақылауында. Жұмыс орындарында өндірістік жарақаттануды болдырмау мақсатында бірқатар кешенді шаралар қабылдануда.

Қазақстан Республикасында қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етуге бағытталған 2025 жылға дейінгі арнайы жоспар қабылданған, оған сәйкес өндірістік жарақаттанудың алдын алу тетіктерін жетілдіру, өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, зиянды және қауіпті орындарда жұмыс істейтін қызметкерлердің денсаулығын сақтау бойынша жұмыс жүргізіледі. Жалпы, өндірістік жарақат­тану фактілерінің алдын алу және азайту бойынша жұмыс жалғасуда және биліктің ерекше бақылауында.

Жиын барысында Қостанай облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы И. П. Аронова «Ұжымдық шарт – Әлеуметтік әріптестіктің негізі» жайында баяндама жасады.

Облыста салалық және жергілікті кәсіподақтардың 12 аумақтық құрылымы жұмыс істейді, олардың құрамында жалпы саны 104 мыңнан асатын 1390 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар.

Еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы мен жауапкершілігін түсіне отырып, кәсіподақтар туындайтын мәселелерді шешу бойынша жергілікті атқарушы органдармен және жұмыс берушілермен тиімді өзара іс-әрекетке көшкен.

Кәсіподақ орталықтары кәсіподақ қозғалысының негізгі принциптерін жүзеге асыра отырып, жұмысын белсенді жалғастыруда.