Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Студенттер үйі ашылды

24 ноября 2022 12:14 • 117 просмотров

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы «Студенттік үй» жаңа заманауи жатақханасының ашылуына қатысты.

«Студенттік үй «Сервис КСТ» ЖШС компаниясының жеке инвестициялары есебінен салынған. Жаңа тұрғын үй кешені заманауи жиһаздармен, кітапхана, асхана, спорт залы, санитарлық торап және кір жуатын орынмен жабдықталған. Болашақта мұнда монша кешені мен минимаркет ашу жоспарлануда. Жатақхана барлық заманауи стандарттарға сай.

Ашылу салтанатында облыс әкімі студенттерге арнап жайлы жатақхана салған жергілікті «Сервис КСТ» ЖШС компаниясына алғысын білдірді.

«Бұл мемлекет пен бизнестің өзара тиімді ынтымақтастығының жақсы үлгісі, сондай-ақ жастардың болашағына салынған үлкен капитал», – деп атап өтті облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Жатақхана ғимараты төрт қабатты, 206 орын бар. Айлық жалдап тұру құны – 20 мың теңге. Жаңа 15 жұмыс орны құрылған.