Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ауылдықтарға ауыз су

1 декабря 2022 11:04 • 163 просмотров

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бүгін жұмыс сапарымен Әулиекөл ауданына барды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақ басшысы алдымен Новонежин ауылындағы жаңа су құбыры жұмысымен танысты. Жобаның жалпы құны – 937,8 млн
теңге. Қазіргі таңда ауылдағы 20 көшеге де су берілді. Жалпы алғанда Әулиекөл ауданында 21 ауыл сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Облыс әкімі Жданов көшесіндегі үйлердің біріне соғып, тұрғындардың таза ауыз сумен қамтылғанын қарады.

Бұдан әрі Аманқарағай ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуына қатысты. Биыл өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында «NAK Development» ЖШС өз қаражаты есебінен осы пунктті медициналық жабдықтармен жарақтандыра отырып салды. Мекеме бір ауысымда 50 адамды қабылдауға қауқарлы. Ғимараттың жалпы ауданы 310 ш. м. жобаның құны – 150 млн теңге. Жобаның 2 ай ішінде жүзеге асырылғанын айта кеткен жөн.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «NAK Development» ЖШС басшылығы мен қызметкерлеріне жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысына қайырымдылық көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Осыдан кейін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс барысын тексерді. Ғимараттың жалпы ауданы – 1601,4 ш. м. Бір мезетте 120 адамды қабылдай алады. Жобаның жалпы құны-480,8 млн теңгені құрайды. Құрылыс нысанын 2023 жылдың сәуір айында пайдалануға беру жоспарлануда.

Бұдан кейін Әулиекөл селосына қарасты «Бірлік» шағын ауданындағы балабақша құрылысын бастауға рұқсат берді. Жоба бойынша білім ошағының жалпы ауданы 4 мың шаршы метрден асады, нысан 280 орынға шақталған.

Жоба «Халық» қайырымдылық қоры есебінен 1,3 млрд теңгеге жүзеге асырылуда. Балабақша сабақтар мен ойындар өткізуді қамтамасыз ететін заманауи жиһаздармен және құрылғылармен жабдықталатын болады.

Сондай-ақ, балабақшада музыка және спорт залы, әдістемелік және медициналық кабинеттер болады. Ғимаратта барлық жағдай қарастырылатын болады.

Нысанды 2023 жылы күзде пайдалануға беру жоспарлануда.