Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жаңа төраға тағайындалды

15 декабря 2022 12:30 • 418 просмотров

Вячеслав Салий Қостанай облыстық сотының жаңа төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев Қостанай өңірінің судьялар корпусына облыстық соттың жаңа төрағасы Вячеслав Салийді таныстырды.

Іс-шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

«Вячеслав Васильевич көпшілігіңізге таныс. Ол осы өңірдің тумасы, судьялық еңбек жолын осы жерден бастаған. Оның 35 жылдық судьялық тәжірибесі бар. Өзін сауатты судья және білікті басшы ретінде танытты, әріптестер арасында беделге ие», деп атап өтті А. Түкиев.

Салий Вячеслав Васильевич, 1961 жылы, Қостанай облысында туған. Свердлов заң институтын Құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

1987–2001 жылдары – Урицкий аудандық сотының, Қостанай облыстық сотының судьясы, 2001–2002 жылдары – Жоғарғы Сот төрағасының кеңесшісі, 2002–2007 жылдары – Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы, 2007–2013 жылдары – Астана қаласы сотының судьясы, 2013–2014 жылдары – Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы, 2014–2020 жылдары – Нұр-Сұлтан қаласы сотының судьясы, 2020 жылдан бастап осы тағайындауға дейін – Жоғарғы Соттың судьясы.