Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жітіқарада полицейлер ұрыны жедел ұстап, ұялы телефонды иесіне қайтарды

Жітіқара ауданының полиция қызметкерлері күш қолданып, тонау жасаған күдіктіні ұстады.

25 қаңтарда жәбірленуші Жітіқара қаласының полиция бөлімінің кезекшісіне тонау туралы арызбен жүгінді.

Күдікті көшеде 20 жасар жігітке дене жарақатын салып, «IPhone 11» маркалы ұялы телефонын, құлаққап және қолма-қол ақшасын тартып алған. Қарақшы оқиға орнынан ашып кеткен.

Аталған факті бойынша полицияның барлық жасақтары бағытталды. Нәтижесінде полицияға хабарласқаннан кейін 30 минуттан кейін ұрлық жасағаны үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 21 жасар жергілікті тұрғын ұсталды.

Ұрланған заттар тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Осы факті бойынша ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды