Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Кадрлық өзгерістер орын алды

Қостанай облысының әкімдігінде бірқатар тағайындау орын алды. Облыстық әкімдікте өткен жедел кеңес барысында облыс басшысы Құмар Ақсақалов алдымен өзінің жаңа орынбасарын таныстырды.

Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың өкімімен Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып Ринат Зәкиұлы Мұхаметқалиев тағайындалды.

Бұған дейін Президент Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарған Ринат Зәкиұлы енді облыстағы әлеуметтік салаларға жетекшілік етеді.

Сонымен қатар, Қостанай облысы әкімі Құмар Ақсақаловтың 26 қаңтардағы өкімімен Айман Ибраева Қостанай облысы білім басқармасының басшысы болып тағайындалды. Айман Ибраева Қостанай педагогикалық институтын «орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

Білім саласында мол тәжірибесі бар. Еңбек жолын 1987 жылы Қостанай ауданы Владимиров мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 15 жыл облыс, қала мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген.

2002 жылы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының бас маманы болып жұмысқа кіріскен.

2005–2011 жылдары Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының құрылыс, материалдық және әкімшілік жұмыс бөлімін басқарды.

2011 жылдан бастап Қостанай облысы бойынша Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2014–2019 жылдар аралығында Білім басқармасының ақпараттық-сараптамалық жұмыс бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

2019 жылдың сәуір айында қала әкімдігінің білім бөлімін басқарды. 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары болып келген.

Өңір басшысының өкімімен 26 қаңтардан бастап Оксана Кочкурова Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болып арнайы тексеру нәтижелерін алған күнге дейін тағайындалды, бұған дейін «Тобыл «әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.

Тағы бір тағайындау мәдениет саласында орны алды. Қостанай облыстық мәдениет басқармасы басшысы Е. Қалмақовтың бұйрығымен Азамат Төлегетайұлы Шүкеевке І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры басшысының міндетін атқару жүктелді.

Азамат Төлегетайұлы 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. 2003 жылы Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын «Музыка театрының актері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Шығармашылық еңбек жолын Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында бастады. 2012 жылдан бері І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында еңбек етіп келеді.

«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері. Жоғары санатты актер. Көптеген басты рөлдерді сомдап, жоғары жетістіктерге жеткен. «Арт-Премьер» Халықаралық өнер фестивалінде үздік шығып, «Признание» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломының иегері атанған. 2021 жылғы «Темірқазық – 2021» театр сыйлығының «Үздік ер бейнесі» номинациясының лауреаты. Шығармашылық табысы үшін Қостанай облысының «Рухани қазына – 2022» облыстық байқауының «Театр және концерт ұйымының үздік қызметкері» номинациясының жеңімпазы, «Ахмет Байтұрсынұлы 150 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.