Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Автобустар жаңармақ

5 февраля 2023 10:00 • 443 просмотров

Қостанай қаласының әкімдігі биыл елімізде құрастырылатын «Yutong» маркалы 54 жаңа автобус сатып алуды жоспарлап отыр. Көліктің сыйымдылығы 90 адамға дейін жетеді.

Қалалық және қала сыртындағы маршруттар желісі бойынша 39 бағытта жолаушылар тасымалдайды. «А.В.Брунер» ЖК, «Туристтранссервис» ЖШС, «Альтаир» ЖК, «Жарык Жол-1» ЖШС, «Компания STA» ЖШС, «Муканов Р.Д» ЖК, Топоров К.А» ЖК, «Жолбарыс» жеке кәсіпкерлігі сияқты сегіз тасмалдаушы компания қызмет көрсетуде.

— Жеке көлігі жоқ қала тұрғындарының басым көпшілігі аялдамада көп уақытын өткізеді. Азаматтардың жайлы тұрмысы мен қауіпсіздігі үшін, былтыр металл жақтаулары бар, алдыңғы қабырғалары шыныдан жасалған 100 жаңа аялдама павильоны орнатылды. Климаттық ерекшеліктерді ескере отырып, биыл жаңадан он Smart аялдамасын орнатуды жоспарлап отырмыз. Жылы аялдамалар білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің маңында және халық көп шоғырланатын жерлерде орнатылмақ, – деді қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Данияр Сәбитов.

Бұл аялдамалар электр пешімен, «Termo» пердемен және бейнекамералармен жабдықталатын болады. Жылы аялдамалардың құрылысы үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлім бизнеске арналған (келісім бойынша), екіншісі жылы аялдама бөлімі, үшіншісі жазғы күту бөлімі.