Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Екі қолға бір күрек

17 февраля 2023 14:00 • 765 просмотров

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірдегі төрт қаланың даму қарқыны туралы баяндаманы тыңдады. Шаһар басшылары өткен жылды қорытындылап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Мәселен, Қостанай қаласында 46 ірі, 66 орта, 7365 шағын кәсіпорын және 24,6 мыңнан астам жеке кәсіпкер бар. Оларда 51 мың адам еңбек етуде. 2023 жылы Индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 280,3 млрд теңгенің 9 инвестициялық жобасы іске асырылып, 1 945 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Ал 115,8 млрд теңгеге 6 жоба пайдалануға берілмек, 1 180 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

— Сонымен қатар, 2023–2025 жылдарға 7 перспективалы инвестициялық жобаны іске асыру пысықталуда, онда 1130 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жобалардың жалпы жалпы құны 85,5 млрд теңгені құрайды. Тек биылғы жылы соның ішінде төрт жоба іске асырылмақ. Олардың жалпы құны 7,5 млрд теңгені құрап, 220 жұмыс орны ашылмақ, – деді қала әкімі Марат Жүндібаев.

Тағы бір мәселе, қала әкімдігі «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ға индустриялық аймақтан тыс резервтелген газ лимиттерін бөлу қажеттілігі туралы бірнеше рет жүгініпті. Алайда, көгілдір отын таратушы компания техникалық шарттардың мораторийіне байланысты қазіргі уақытта қолданыстағы өндірістерді кеңейту және жаңа өндірістерді ашуға мүмкіндікгі шектеулі. Марат Жүндібаев облыс әкімінен осы түйткілді шешуге ықпал етуін сұрады.

— Газды өткізу-жіберу мүмкіндігі төмен. Қазір өңірде көгілдір отын жетіспейді. 2026 жылы газ тапшылығы болуы мүмкін. Ол экономикамызға айтарлықтай әсер етері сөзсіз. Осы себепті, Энергетика министрлігімен қосымша көгілдір отын алу мәселесі жөнінде кеңесіп жатырмыз. Бұл түйткіл шешіледі деген сенімдеміз, – деді өңір басшысы Құмар Ақсақалов.