Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Сайлау науқанымен танысты

16 марта 2023 16:20 • 422 просмотров

Сыртқы істер министрлігі мен Орталық сайлау комиссиясы елімізде аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпустың өкілдері үшін алдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарына сайлауға арналған бірлескен дәстүрлі брифинг өткізді.

Іс-шараны ашқан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау Қазақстан үшін еліміздің қазіргі тарихындағы ең өзгермелі кезеңдердің бірін белгілейтін маңызды оқиға болып табылатынын атап өтті. Ол сондай-ақ алдағы сайлау демократия жолында тағы бір қадам болатыны сөзсіз деп қосты.

Сөз сөйлеу барысында дипломат ішкі және сыртқы сын-қатерлерге қарамастан, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Күшті Президент – ықпалды Парламент-есеп беретін Үкімет» формуласына адал екендігінің айқын көрінісі болып табылатын реформалардың іске асырылғаны туралы айтты. Осылайша, ол үздіксіз прогресс пен оң өзгерістерді қамтамасыз етуге ниетті, оған оның өткен жылы басталған реформалардың бүкіл кешені дәлел бола алады.

Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров алдағы сайлауға дайындық туралы айтып берді.

Брифингке қатысушыларға арнаған сөзінде Ортсайлауком басшысы ағымдағы сайлау науқаны соңғы 10 айда төртінші болып табылатынын, біз Конституцияға, ҚР Президентін, сондай-ақ Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша жалпыұлттық референдум өткіздік деп мәлімдеді. Орталық сайлау комиссиясының барлық күш-жігері Қазақстан Республикасында әділ, шынайы және еркін сайлау өткізуге бағытталған деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.

Сонымен қатар ОСК басшысы 19 қаңтарда Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тағайындалғанын еске салды. Ол ресми түрде бұл сайлау кезектен тыс болғанымен, Мемлекет басшысының 2022 жылғы қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында ұсынған сайлау науқандарының кестесіне сәйкес өткізілетінін атап өтті.

Ол сондай-ақ осы сайлау науқаны жаңа сайлау ережелері мен нормалары бойынша жүргізіліп жатқанын атап, дипкорпусты сайлау заңнамасындағы елеулі өзгерістер туралы хабардар етті, оның ішінде Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде жаңа пропорционалдық-мажоритарлық модельге көшкенімізді, Парламент Мәжілісінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі квотасының жойылғанын және азаматтардың тікелей дауыс беруі арқылы жоғары ұлттық палаталардың бірі қалыптастығына, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссияларының жұмысын кәсіби негізге ауыстырылғанын атап өтті.

Шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшылары Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының алдағы дауыс беруді ұйымдастыруға және сайлауды байқау процесіне қатысты көптеген сұрақтарына толық жауап алды.