Қарасу ауданының Комсомол ауылында жаңадан мешіт ашылды. Бұл дін ордасы өңірімізге белгілі азамат Қуанышбек Жанәбілұлының бастамасымен бой көтерді. Мешітке ол анасы, он перзент дүниеге әкелген алтын құрсақ Әбділуақапқызы Зәйтуна есімін берді.
Былтыр құрылыс басталған рухани орда жылға жетпей халық игілігіне берілді. Алтындалған күмбезі мен мұнаралары алыстан менмұндалап тұр. Сәулеті жағынан көз тартар мешіттің үлкен намаз залына елу адамға дейін еркін сияды. Әйелдерге арналған қосымша құлшылық бөлмесі бар. Имамның бөлмесінен бөлек, дәрет алатын орын да қарастырылған. Мешіт сыртында жылыту қазандығы мен дәретхана орналасқан. Алла үйінің аумағы қоршауланған, аулаға тастөсем төселіп, айналасына көгал егіліп, ағаштар отырғызылыпты. Намаз залынан микрофонмен арқылы оқылып жатқан дұға-батаның бәрі даладан дауыс зорайтқыш арқылы естіліп тұр.
Салтанатты шараға Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің Бас имамы Шоқан қажы Ғазизұлының қатысып, қасиетті Құран аяттарын оқып, батасын берді. Қарасу ауданының әкімі Виктор Радченко өзінің құттықтау сөзінде бұл ғимараттың аудан өміріне тек жағымды жайттар әкелетінін тілге тиек етті.
Былтыр құрылыс басталған рухани орда жылға жетпей халық игілігіне берілді. Алтындалған күмбезі мен мұнаралары алыстан менмұндалап тұр. Сәулеті жағынан көз тартар мешіттің үлкен намаз залына елу адамға дейін еркін сияды. Әйелдерге арналған қосымша құлшылық бөлмесі бар. Имамның бөлмесінен бөлек, дәрет алатын орын да қарастырылған. Мешіт сыртында жылыту қазандығы мен дәретхана орналасқан. Алла үйінің аумағы қоршауланған, аулаға тастөсем төселіп, айналасына көгал егіліп, ағаштар отырғызылыпты. Намаз залынан микрофонмен арқылы оқылып жатқан дұға-батаның бәрі даладан дауыс зорайтқыш арқылы естіліп тұр.
Қостанай облыстық мешітінің наиб-имамы, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының аймағымыздағы өкілі Бақытжан қажы Икрамұлы құттықтау тілегін білдірді. Комсомол ауылының тумасы, ұзақ жыл ұстаздық еткен, өткен қыста діни дәріс алған Хали молда «Зәйтуна ана» мешітінің имамы болып тағайындалғанын хабарлады.
Ал, осы мешіттің салынуына ұйытқы болған Тұрсыновтар әулеті атынан сөз алған Азамат Жанәбілұлықолдау көрсетіп, жанашырлық танытуға алыстан-жақыннан келген барша меймандарға, ел ақсақалдарына, жергілікті халыққа алғысын білдірді.
Мешіттің ашылу қастерлі рәсімін орындады. Шашу шашылып, жұртшылық құлшылық ордасының ішімен танысты. «Зәйтуна ана» мешітінде жамағат алғашқы рет жұма намазын оқыды.
Бетті дайындаған Бақыт ТҰРАШ, суреттер ғаламтордан алынды