Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жаңа кәсіпорын серпін береді

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов Лисаков қаласына іссапармен барды. Жұмыс сапары барысында қаладағы бірқатар кәсіпорынды аралап, медицина қызметкерлеріне арналған көпқабатты үйдің құрылысымен танысты.

Облыстағы ең танымал кәсіпорындардың бірі Лисаков қаласындағы «Арай» өндірісі қайта іске қосылды. «Asia Alco» ЖШС инвесторы кәсіпорынды жандандырып қана қоймай, 60 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жыл аяғына дейін жұмысшылар санын 100 жеткізу жоспары тұр.

Бұл инвестициялық жобалар өңірдің экономикалық дамуы үшін маңызды рөл атқарады. Өз кезегінде жергілікті атқарушы орган бизнестің дамуына барынша қолдау көрсететін болады.

Сондай-ақ биыл медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігін шешу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілетін болады. Лисаков қаласында «Мирас» ЖШС-не тиесілі ғимаратты медициналық мамандардың қажеттіліктері үшін 12 пәтерлі үйге бейімдеу жұмыстары басталды.

Сонымен қатар, Арқалық қаласы, Қамысты, Науырзым, Жангелдин аудандарында да осы тектес жұмыс қолға алынды. Мұндай әдіс басқа аймақтарға да таралуы керек, себебі жаңа нысандарды салғаннан дайын ғимаратты бейімдеу үнемді әрі жылдам.

Жалпы, Лисаков қаласын сумен жабдықтауға 1,3 млрд.теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,3 есе көп, ал жылумен жабдықтауға 1,2 млрд теңге көзделген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 28,5%-ға артық.