Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 (New) kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Абай мұрасы – халық қазынасы

Абай күніне орай «Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік тілдегі кітапхананың ұйымдастыруымен «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты әдеби-караоке ұйымдастырылды.

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 2020 жылы 10 тамыз – Абай күні болып жарияланды. Алдағы уақытта 10 тамыз – Абай күні болып мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізіледі.

Атаулы мерекеге орай жуырда ақпарат кеңістігіне «Ақыл ойдың айнасы» деген ұранмен «Abai.tv» телеарнасы жол тартты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында осы мерейлі белеске қатысты мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар өткізіліп отырғанын, бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілетінін айрықша атап көрсетті.

Іс-шараға арнайы шақыртумен «Кездесу» клубы, «Жадыра»вокалдық тобы, «Дәстүрге жол» аналар клубы, №21 мектеп гимназиясының әдебиет пәнінің ұстазы Сыздыкова Д.Б және М. Дулатов атындағы №15 мектептің «Балдәурен» жазгы лагерінің оқушылары қатысып, ат салысты.

Шара барысында Ұлы ақын Абайдың өмірбаянынан, шығармашылығы туралы мәлімет берілді. Абайға дейін қазақ әдебиетінде болмаған үлгі – ол Абайдың қара сөздері – көркем шығарма түрінде емес, ақынның өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған ақыл – өнеге, өсиет, ғибрат сөздер. Жалпы қара сөздер саны 45. Абайдың қара сөздері өз кезі үшін де, бүгін де бағасы зор.

№21 мектеп гимназиясының ұстазы Сыздыкова Динара Балташқызы: өз кезегінде «Абайдың қара сөздері» ((Ғақлия) – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін, классикалық стильде жазылған прозалық шығарма екенін, жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратынын,, Абайдың қара сөздерінің тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келетінін отырған көрерменге кеңінен паш етіп насихаттады.Осы айтылған керемет сөздерді қостай отырып: Кездесу»клуб мүшелері: Ахметжанов Қабдолла, Какенов Жақсылық, Тілеуғабылов Жаңбыршы ағайлар, Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салғанын атап өтті.

Абайдың бізге жеткен шығармашылық мұрасы 170 өлеңнен,56 аудармадан, бірнеше поэмадан және «Қара сөздерден» тұрады. Мәнерлеп оқу сайыстарынан жүлделі орындарға ие болған М. Дулатов атындағы №15 мектептің 11 сынып оқушысы Қабжан Армангүл «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?»өлеңін нақышына келтіре орындап берді.

Абай – сазгер. Оның көп өлеңдері өз әнімен тараған 30 – дан астам әні бар, 3 күйі бар. Бүгінгі таңда нотаға түскен, орындалып жүрген классикалық туындылары:«Құлақтан кіріп, бойды алар, Әнді сүйсең, менше сүй», « Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айтым сәлем қаламқас», « Сегізаяқ» және т. б.әндері «Жадыра» тобыныңорындауында, көрермендердің көңілінен шықты. «Абай мұрасы-халық қазынасы» атты кітап көрмесі таныстырылып, арнайы жасалған көрсеткіштер үлестірілді. Мерекемізге қатысқан құрметті қонағымыз Рудный қаласы әкімінің орынбасары Кокишев Сәкен Балғабайұлы, келген қонақтарға жүрек жарды тілегін білдіріп, ақ жаулықты аналарымызға «Асыл әже» әнін орындап берді.

Іс-шарамызды қорытындылай келе Рудныйдың орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Александренко Лариса Анатольевнаны келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, «Жадыра» вокалдық тобына,№21 мектеп гимназиясының ұстазы Сыздыкова Динара Балташқызына және М. Дулатов атындағы №15 мектептің 11 сынып оқушысы Қабжан Армангүлге « Алғыс хаттарын» табыстады.Қорытындылай келе «Көзімнің қарасы» әнін келген қонақтар қосыла шырқап, әдеби караоке өз мәресіне жетті.

Жақсылық Кәкенов