Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жаңа уәкіл тағайындалды

Қостанай облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл бекітілді. Несібелі Зариванқызы Басенова Қостанай облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл болып айқындалды.

«Балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын орындау, «Адам құқықтарын қорғау жүйесі өкілдерінің қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отырыстың қорытындысы бойынша құрметті заңгер Несібелі Зариванқызы Басенова Қостанай облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл болып айқындалды.

Балалардың құқықтары жөніндегі уәкіл баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі өтініштерді, жергілікті атқарушы органдар мен басқа да ұйымдар тарапынан әрекеттерге немесе әрекетсіздікке шағымдарды қарайтын болады. Сондай-ақ, ол балаларды қорғау саласындағы мәселелерді шешу бойынша заң жобаларын қарастыруға қатысады.

Сонымен қатар, Бала құқықтары жөніндегі уәкілдер балаларға арналған ұйымдарға кедергісіз кіруге құқылы. Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілмен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі айқындалды. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қоғамдық негізде жұмыс істейтін болады.

Бетті дайындаған Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды