Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ұстаздар ұлықталды

«Жастар сарайында» облыс әкімі Құмар Ақсақалов педагогтарды төл мерекелерімен құттықтады. Алдымен аймақ басшысы білім саласындағы оң көрсеткіштерге тоқталып, педагогтарды мерекемен құттықтады.

«Педагог – жай ғана мамандық емес, ең бастысы – ұрпағымыздың болашағын айқын қылар ұлы күш екенін естен шығармаған жөн. Әр сабағы өмірлік ұстанымға айналып, болашаққа нық қадам басқызған, өмірдегі өз жолымызды табуға септігін тигізген мұндай жандар әрбіріміздің жүрегімізде жаттаулы» – деп лебізін білдірді.

Қостанай облысының білім беру саласында 20 мыңнан астам педагог, тәрбиешілер, өндірістік оқыту шеберлері жұмыс істейді. Жас мұғалімдер біздің қымбатты педагогикалық еңбек ардагерлеріне гүл шоқтарын табыстап, зал қошеметке толды.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов білім беру саласының қызметкерлеріне марапаттар табыстады. 3 педагог еңбегі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, 9 ардагер – «Еңбек ардагері» медальдарымен, 20 педагог облыс әкімінің грамоталарымен марапатталды.

Алғаш рет жастығына қарамастан айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген мұғалімдердің ата-аналарына алғыс хаттар табысталды, олар әрқашан өз балаларына мұғалімдік мамандық таңдауда қолдау көрсетті.

Іс-шараны мерекелік концерт жалғастырды, онда облыстың үздік шығармашылық ұжымдары педагогтарды өз шеберліктерімен құттықтады.

«Барша ұстаздар қауымын мерекелерімен құттықтай отырып, шығармашылық табысқа жетіп, жаңа белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспін! Денсаулығыңыз мықты болсын, саналы шәкірттеріңіз көп болсын! Бала тәрбиесіне ден қойған баршаңызға ерекше алғысымды білдіремін!» – деді облыс әкімі.

Ұстаздар күніне орай ҚР Президентінің 04.10.2023 жылғы Жарлығымен Қостанай қаласының №3 мектеп – гимназиясының мұғалімі Зәуреш Сақытбайқызы Даумоваға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов марапат иегерін құттықтап, төсбелгіні табыстады.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы белгіленген, ол педагогтерге Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше жетістіктері мен ерекше еңбегі үшін беріледі. Қазақстан Республикасының құрметті атағына ие болған адамға белгіленген үлгідегі төсбелгі тапсырылады.

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болған педагогтар «педагог мәртебесі туралы»Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде біржолғы төлем алады.

Қостанай облысында бұған дейін аталған марапатқа 2021 жылы Қостанай қаласының №23 мектебінің директоры Саутбаев Бауыржан Шәкіржанұлы ие болды.