Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жастарға қомақты қолдау

Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова халықты жұмыспен қамту бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров пен Жетісу өңірінің әкімі Бейбіт Исабаев жергілікті жерлерде атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова халықты жұмыспен қамту шараларына қатысты мемлекет басшысының бірқатар тапсырмаларын орындау барысымен таныстырды.

Оның мәлімдеуінше, бұл мақсатта жыл басында барлық өңірлердің әкімдерімен бекітілген 20 Өңірлік жұмыспен қамту карталары шеңберінде Ұлттық жобалар, «Әрбір 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орындары», мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары, жұмыс берушілермен ұсынылатын бос жұмыс орындары, халықтың еңбек мобильділігі бағдарламалары аясында жұмыспен қамтудың нақты шаралары бекітілген.

«Жалпы Өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында биылғы жылға 947 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту шаралары көзделген. 9 айдың қорытындысына орай жалпы 734 мың адам жұмысқа тартылды, бұл жылдық көрсеткіштің 77%-ын құрап отыр. Олардың ішінде жастардың үлесі 50%-ға жетіп отыр», – деп атап өтті министр.

Жұмыспен қамту шараларының бағыттарына жеке тоқталған министр әуелі Ұлттық жобалардың аясында ашылған 45 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылғанын айтты. Жұмыс орындарының басым көпшілігі «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» (13 098), «Кәсіпкерлікті дамыту» (11 849), «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» (6 354) Ұлттық жобалары аясында ашылып отыр.

Бүгінде Ұлттық жобалар аясында жұмысқа орналасқан азаматтардың 45%-ы (20 573 адам) жастар және 1 961 адам мүгедектігі бар азаматтардың қатарында. Жұмыспен қамтудың тағы бір негізгі бағыты – азаматтарды еңбек биржасында жарияланған бос жұмыс орындарымен қамтамасыз ету.

Тоғыз айдың қорытындысына сәйкес 228,7 мың адам жұмыс берушілермен жарияланған бос жұмыс орындарына орналастырылды. Олардың 62%-ы ауыл және балық шаруашылығы, құрылыс және өндіріс, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету салаларында жұмыспен қамтылып отыр. Тұрақты жұмысқа жолданған азаматтардың 46%-ы – жастар.

Негізгі бағыттардың тағы бірі Мемлекет басшысының бастамасына сәйкес жүргізіліп отырған өңірлерде тұратын әрбір 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын ашу жөніндегі тапсырмасы аясында тіркелген 212,9 мың кәсіпкерлік субъектілеріне 278,5 мыңнан астам азамат жұмысқа орналасты.

Ұлттық жобалардың тағы бір бағыты – мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарын құру арқылы азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Бұл бағыттағы жалпы жоспарлы көрсеткіш республика көлемінде орындалды. Қазір субсидияланатын жұмыс орындарына қамтылған 181,5 мыңнан астам азаматтың 44%-ын жастар құрап отыр.

Жалпы жұмыспен қамтылған азаматтардың 50%-ы (365,8 мыңы) 35 жасқа дейінгі жастар. Жасалып жатқан жұмыс нәтижесінде жұмыспен қамтылған азаматтардың 67%-ының (490 мың) отбасы құрамында кемінде бір адам жұмыс істей бастады, 244 мың азаматтың отбасы құрамында екі және одан да көп адам жұмыс істеуге мүмкіндік алды.

Мемлекет басышысының тапсырмасына сәйкес жастарға шағын несие беру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда, 7 116 өтінім қабылданып, олардың ішінде 21,3 млрд теңге көлемінде 4 734 адамға шағын несие берілді.

Одан басқа, 418 азаматтың бизнес-жобасы өңірлік комиссиялардың қарауында және 637 азаматтың өтінімі өңірлік Агрокредиттік корпорациясы филиалдарының қарауында. Бұл бағыттағы жұмыс бекітілген алгоритмге сәйкес жүргізіліп келеді.

Өз кезегінде, Мемлекет басышысының жастарға 2,5%-дық мөлшерлемемен шағын несие беру бойынша берген тапсырмасын орындау барысы Алматы қаласынан басқа өңірлерде өз деңгейінде жүргізіліп отыр. Бұдан басқа, белсенді шаралардың келесі бағыты мемлекеттік грант беру. Қазіргі кезде гранттарды таратудың 2 кезеңі өтті, нәтижесінде 5 316 осал топтардағы азаматтарға мемлекетттік грант берілді.

Жалпы республика бойынша грант алушылардың басым көпшілігі көп балалы отбасылардың қатарынан – 2899 грант, мүгедектігі бар азаматтардың қатарынан 1038 адам, мүгедектігі бар баланы қараушылар қатарынан 631 адам, атаулы әлеуметтік көмек алушы 365 адам екендігін атап өту қажет.

Грант алушылардың мақсаттары бойынша технологиялық құрал саймандарға 2062 адам, ірі қара мал және ұсақ мал алу мақсатында 1568 адам, құрал саймандарға 957 адам алған. Олардың 40%-ы жастар.

«Қазақстан Республикасының Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасына сәйкес қоныс аудару механизмы қайта қаралды. Еңбек күші артық өңірлерден қоныс аударуды ынталандыру үшін жаңа жердегі тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде қаржылық көмекке құқық беретін Ұтқырлық сертификаттарын енгізілді. Осығын орай қазіргі таңда 7,5 мың адам солтүстік және шығыс өңірдерге қоныс аударды, немесе жылдық жоспардың 87%-ы орындалды», – деді С. Жақыпова.

Ұлытау облысын қоспағанда басқа облыстарда көшу үрдісі жоғары деңгейде жүзеге асырылып отыр. Ішкі қоныс аударушылар көбінесе Түркістан және Алматы облыстарының бұрыңғы тұрғындары. Көшіп келген еңбекке қабілетті азаматтардың 73% жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, 5.2 мың адамға көшу шығыстарын өтеу үшін бір жолғы материалдық көмек берілді. 622 отбасы экономикалық ұтқырлық сертификатын алды, 395 отбасы солтүстік өңірлерде баспаналы болды. Іске асарылып отырған шаралар ішкі көші-қон саясатын тиімді «қайта жүктеуге» мүмкіндік береді.

Министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қажетті шараларды уақтылы атқаруды қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргізіп келеді.