Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Бес ауданда инклюзивті кабинет ашылады

«АМАNАТ» партиясы облыстық филиалы жанындағы отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі облыстық кеңестің қорытынды отырысында білім басқармасы мен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жүктелген Жол картасы көрсеткіштерінің орындалу барысы айтылды.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Данагүл Сүйіндікова алғаш рет мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте түзету және арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге мемлекеттік білім беру тапсырысы қарастырылғанын баяндады.

— Инклюзияны қолдау бойынша Әулиекөл, Алтынсара, Денисов, Қарабалық аудандары мен Лисаков қаласында 5 бөлімше ашу жоспарланып жатыр. Осындай бір кабнетке 8,5 млн теңге көлемінде қаржы қарастырылды. Лисаков, Әулиекөл, Денисов және Қарабалық аудандарында кеңселер өз жұмысын бастап кетті. Алтынсарин ауданында аталмыш бөлімшелер 2024 жылдың ақпан айында жұмысын бастайды, – деп атап өтті Данагүл Сүйіндікова.

Келер жылы тағы ауданда осындай кабинеттер ашылғалы тұр. Олар Әулиекөл, Жанкелдин, Қамысты, Ұзынкөл және Федоров аудандары бойынша іске асырылады. Сонымен қатар Алтынсарин, Қарасу аудандары мен Лисаков қаласында жергілікті бюджет қаражатынан психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін ашу жоспарлануда.

Ал жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс бөлімінің басшысы Қаламқас Ақатаеваның айтуынша, 2023 жылдың соңына дейін 155 нысанды бейімдеу жобаланған.

— Бүгінде барлық 155 нысан бейімделді. Жылдың 8 айында 763 мүгедек жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, оның ішінде 375 адам тұрақты жұмысқа орналасты, – деді Қаламқас Ақатаева.

Бетті дайындаған Бақыт ТҰРАШ, суреттер ғаламтордан алынды