Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Киберспорт федерациясы ашылды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қостанай облысына келді.

Іссапар аясында министр өңір басшысымен бірілескен елді мекендерде мобильді интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасына қол қойды.

Осылайша, KazSat спутнигі және Starlink технологиясы арқылы ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету, сондай-ақ 325 ауылды талшықты-оптикалық байланысқа қосу жоспарлануда.

Соңғы 5 жылда облыста 48 млрд.теңге сомасына 300-ге жуық цифрлық жоба іске асырылды. Цифрландыру ТКШ, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сақтау және т. б. салаларды қамтиды. Облыс бойынша 370 IT-компания жұмыс істейді, олар 2022 жылы жалпы сомасы 1,2 млрд.теңгеге салық төледі. Биыл компаниялар жалпы сомасы 2,4 млрд.теңгеге қызмет көрсетті.

Сондай-ақ, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин облыс орталығындағы Спорттық бағдарламалау федерациясының Қостанай филиалының ресми ашылуына қатысып, «Qostanay it Hub» орталығының және IT компаниялардың жобаларымен танысты.

— Бүгінгі таңда спорттық бағдарламалау – зияткерлік спорттың келешегі бар саласы, онда қатысушылар бағдарламалау тілдерін пайдалана отырып, күрделі математикалық есептерді шешеді. Қазақстандық оқушылар мен студенттер IOI және ICPC сияқты халықаралық жарыстарда тұрақты табыстарға жетіп, рейтингте жоғары орындарды иеленіп келеді. Мен бұл өкілдік спорттық бағдарламалауды дамытуда және дарынды бағдарламашылардың жаңа буынын дайындауда маңызды қадам болады деген сенімдемін, – деді министр.

Орталықа балалар мен жасөспірімдер арасында спорттық бағдарламалауды белсенді әрі қызықты әрекет ретінде ұсынатын түрлі іс-шаралар өтеді. Бұл өз кезегінде жастардың зияткерлік спортқа деген қызығушылығын дамытуға және жылдам өзгеретін жаңа технологиялар әлемінде табысты бәсекелесуге қажетті ұшқыр ойлау, шығармашылық бастамашылық, икемділік пен ұтқырлық сияқты дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді.

— Спорттық бағдарламалаумен шұғылданып жүргеніме бір жарым жыл болды. Олимпиадалардың жүлдегерімін. Қаламызда ашылғанына қуаныштымыз. Енді оқушылардың авторлық бағдарламаларды әзірлеп, дамытуға мүмкіндіктері бар, – дейді Алина Капекова.

«Спорттық бағдарламалау федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мырзаның қолдауымен Digital Nomads Kazakhstan IT қоғамдастығының өкілдерімен және еліміздің осы саладағы жетекші сарапшыларымен бірге құрылды.