Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ауылға ауызсу жетеді

Ұзынкөл ауданының 32 елді мекенінің 16-сы, соның ішінде 9777 адам сапалы сумен қамтылады.

Қалған елді мекендерде сумен жабдықтау су мен ұңғымаларды тасымалдау арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында брифингте аудан әкімі Азамат Аужанов журналистерге баяндап берді.

Ұзынкөл ауданының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 12 млрд 966 млн теңгені құрайды. Биыл сумен жабдықтау жүйесін дамытуға бюджет қаражатынан 951,8 млн теңге бөлінген.

«Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары Ұзынкөл ауданында жоспарлы түрде жүргізілуде. 2019 жылдан бастап Ершов ауылында су құбыры тартылып жатыр. Жобаның қуаттылығы 30,9 шықырым. Сондай-ақ, тағы Троебратское, Сатай және Сокол ауылдарына ауыз су беріледі. Салынып жатқан магистральдық су құбырының қуаттылығы – 48,8 шақырымды құрайды. Пресногорьков ауылының тұрғындары да сумен қамтамасыз етіледі. Су құбыры желісі 50,8 шақырым», – деді аудан әкімі Азамат Аужанов.

Нәтижесінде, 13 740 адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Осы жылдан бастап Ұзынкөл ауданы Новопокров ауылдық округінің Новопокровка ауылында су құбыры құрылысының екі жылдық жобасы басталды. Ұзынкөл ауданы Троебратское ауылында су құбыры тарату желілерін салу жобасы бойынша құжат әзірлеуге «MS Industrial» ЖШС-мен келісім-шарт жасалды. Жобалық сметасы әзірленіп, сараптамаға да берілді.

Биыл облыстық бюджеттен «Ұзынкөл ауданының Троебратское ауылында су құбырларын тарату желілерін салу» жобасы бойынша ЖСҚ әзірлеуге 37,6 млн теңге қаражат бөлінді. Осы объектінің құрылысын қосымша қаржыландыруға бюджеттік өтінім әзірленуде.