Егіс жұмыстарына 514,2 мың тонна тұқым пайдалану жоспарлануда. Зертханаларда олардың сапалық параметрлерін тексеру бүкіл көлемнің егіс стандарттарына сәйкестігін көрсеткен. Бұл жайлы облыстық әкімдікте өткен кеңесте ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқамасының басшысы Ибрагим Бекмұхамедов айтып берді.
Басқарма басшысының сөзінше, майлы дақылдардың ауданын 755 мың гектарға дейін жеткізі жоспарланып отыр екен. Бұл өткен жылдың деңгейінен 63,6 мың гектарға артық.
«Сондай-ақ жем-шөп алқаптары ұлғайып, 101 мың га бір жылдық шөп егу жоспарлануда. Әлеуметтік маңызы бар дақылдарға жеткілікті алқаптар бөлінеді, жарма дақылдарды 27,9 мың га. Оның ішінде қарақұмық – 21 мың га, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында картоп – 5,5 мың га егу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы құрылымдары ылғалды жабу бойынша жұмыстарды аяқтады, 4 млн 485,1 мың гектар өңделді. Ал егіс алдындағы өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр», – деді Ибрагим Бекмұхамедов.
Кей аудандарда егіс жұмыстары басталып кеткен. Бұл жұмыстарға 514,2 мың тонна тұқым пайдаланылмақ. Зертханаларда олардың сапалық параметрлерін тексеру жүргізіліп, бүкіл көлемнің егіс стандарттарына сәй келетіні анықталған.
«Тұрақты егін алудың негізгі шарттарының бірі – тұқым материалын уақтылы жаңарту, сапалы тұқыммен себу. Өткен жылы облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары сорт жаңарту бойынша 10% деңгейінде көрсеткішке қол жеткізді. Осы жылы 11,2%-ға жеткізу міндеті тұр. Осы мақсатта облыстың элиталық тұқым өсіру және тұқым өсіру шаруашылықтары 53,9 мың тонна жоғары көбейтілген тұқым, оның ішінде 24 мың тонна элиталық тұқым және 29,9 мың тонна бірінші көбейтілген тұқым өндірді. Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарының өндірген барлық көлемі егіс мақсаттарына пайдаланылатын болады», – деп толықтырды басқарма басшысы.
Айта кетейік, облыста төрт кәсіпорны тұқым оригинаторы, он жеті элиталық тұқым өсіру шаруашылығы және 30 тұқым өсіру шаруашылығы жұмыс істейді. Сондай-ақ, 28 сатушы елдің басқа аймақтарынан және шетелден тұқым әкелумен айналысады. Дала жұмыстарына жеткілікті мөлшерде 72,8 мың тонна көлемде дизель отыны бөлінген. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер үшін баға 1 литріне 254 теңгеден сатылады. Бұл орташа нарықтық бағадан 45 теңгеге төмен.
«Егіс алдындағы және егіс кезеңінде енгізу үшін ауыл шаруашылығы құрылымдары 48,4 мың тонна минералды тыңайтқыштарға шарт жасасты. Оның 25 мың тоннасы шаруа қожалықтарына келіп түсті. Бұл жұмыс жалғасуда, тыңайтқыштар маусым бойы сатып алынады. Егіс кезеңінен басқа, ауыл шаруашылығы құрылымдары оларды парлар алқаптарына және топырақтың күзгі терең өңдеуге енгізеді. Субсидиялау жөніндегі мемлекеттік қолдау бағдарламасын пайдалана отырып, минералды тыңайтқыштардың барынша көп көлемін енгізуді қамтамасыз ету міндеті қойылады. Қазіргі уақытта егіс науқанын жүргізу бойынша сұрақтар жоқ. Барлық жұмыстар жоспарланған мерзімде жүргізілуде», – деп түйіндеді Ибрагим Бекмұхамедов.
Кеңесте бірнеше аудан әкімдері де баяндама жасады. Айталық, Жітіқара ауданында 2024 жылы минералды тыңайтшықтар тиісті деңгейде егілмеген. Былтыр бүкіл ауданға бір мың алты жүз тонна сатып алынған. Облыс әкімі бұл көлемнің аз екенін айтты.
«Былтыр майлы дақылдарды себу көлемі де орындалмады. Өткен жылы жоспар бойынша 28 мың гектар болса, 22 мың гектарға ғана себілді. Осы жылы 28,5 мың гектарға егу қажет. Техниканы жаңарту қарқыны да төмен. Былтыр тек 2,1 пайыға жетті, облыс бойынша 6,1 пайыз», – деді Құмар Ақсақалов.
Жітіқара ауданында жоспарға сай көктемгі егіс алқабы 231,4 мың гектар болады. Оның 193,1 мың гектары дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар. Майлы дақылдардың үлесі 28,5 мың гектар болады. Жемшөпке 9,6 мың гектар жер қарастырылған.
«Топырақ ылғалдылығын жабу шаралары 215 мың гектар алаңда жүргізілді. Егіс алдындағы топырақ өңдеу 95,2 мың гектарда жұмыс атқарылды. Аудандық тұқым зертханасында 23 мың тонна тұқым талдауға түсті. Бүгінгі күні толық тесерілді. Аудан диқандарының материалдық базасы көктемгі дала жұмыстарын толық көлемде орындауға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері аудан фермерлері 359,4 млн теңгеге жеті техника сатып алды», – деді Жітіқара ауданының әкімі Аслан Жаныспаев.
Аудан әкімі облыс әкімі Құмар Ақсақалов айтқан сын-ескертпелер ескеріліп, жұмыс сапалы орындалатынын жеткізді. Науырзым ауданына келер болсақ, минералды тыңайтқыштарды қолдаун көлемі төмендігі байқалады. Өткен жылы 1,6 мың тонна себілген. Құмар Ақсақалоы бұл аудан үшін аз көрсеткіш екенін айтты. Бүгінгі таңда барлығы үш жүз тонна ғана сатып алынған. Техниканы жаңарту қарқыны да бәсең деді өңір басшысы.
«Науырзым ауданында жаздық егісті 268,2 мың гектар алаңда жүргізу жоспарлануда. Әлеуметтік маңызы бар дақылдардың ішінен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында картоп – 100 гектар, көкөністер – екі гектар, бақша дақылдары – сегіз гектарға егіледі. Алдағы күндері ылғалды жабу жұмыстары аяқталады. Биыл 1 мың 890 тонна элиталық тұқым, бірінші көбейтілген – 820 тонна сатып алынды. Техникалар егіс жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізуге мүмкіндік береді. Ауданда 925 трактор, 1,9 мың сепкіш және қырық екі егіс кешені бар. Сондай-ақ, машина-трактор паркін жаңарту бойынша жұмысы жалғастыруда. Осы жылы 729,4 млн теңгеге 7 трактор, 36 сепкіш, 2 комбайн, 2 астық артқыш және тағы басқа жабдықтар алынды», – деді Науырзым ауданының әкімі Мәди Ихтиляпов.
Ауданға көктемгі дала жұмыстарына жеңілдікті бағамен 3,7 мың тонна дизель отыны бөлінген. Осы жылдың көктемгі дала жұмыстарын несиелеуге «Тобыл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы «Кендала2» бағдарлама бойынша жүз млн теңгеге өтінім берілген. Бүгінгі таңда Аграрлық несие корпорациясы арқылы ауыл шаруашылығы құрылымдары 450,9 млн теңгеге он төрт өтінім берген.
Құмар Ақсақалов Ұзынкөл ауданы облыс бойынша жыл сайын минералды тыңайтқыштардың ең көп мөлшерін егетінін ерекше атап өтті. Былтыр жыл қорытындысы бойынша енгізу көлемі 10 мың тонна болған.
«Ауданда биыл 392,2 мың гектар жер көлемі өңделетін болады. Егіс алаңы 336,1 мың гектар, парды аудара жырту ауданы 56,1 мың гектарды құрайды. Өткен жылдағы көпжылдық көптер 14,1 мың гектар. Жалпы ауданы 250 мың гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егу жоспарлануда. Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру шеңберінде 67 мың гектар дақыл егіледі. Биыл егіске дайындық мақсатында ауыл шаруашылығы өндірушілері 40 мың тонна тұқым дайындады, бұл қажеттілікті толық көлемде қанағаттандырады. Дайындалған тұқымдардың жалпы көлемінің 11 671 тоннасы жоғары репродукциялы тұқымдарға тиесілі. Дала жұмыстарын ұйымдастыруға 3987мың тонна дизель отыны бөлінді. Оның ішінде 3029 тоннаға келісімшарт жасалды, 1921 тонна төленді, 1532 тонна енгізілді. «Кен Дала 2» бағдарламасы бойынша ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 27 өтінім қабылданды, оның ішінде 23 өтінім бойынша қарастырылып,5,3 млрд тенге сомма берілді, қалған 4 өтінім 898 млн теңгеге қаралуда», – деді ұзынкөл ауданының әкімі Марат Жұрқабаев.
Өңір басшысы облыс аграршылары егіс науқанына дайын екенін айтты. Кейбір жұмыстар қазірдің өзін де басталып кеткен.
«2024 жылғы қарашада Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттарын белгіледі. Оның тапсырмасы бойынша өткен жылдан бастап көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру ерте басталды. Бұл мақсаттарға Үкімет
700 млрд теңге жұмсады. Облыстық бюджеттен диқаншыларды қолдауға 70,7 млрд теңге бөлінді. Азық-түлік қауіпсіздігі – өңірдің тұрақтылығының негізі. Әрбір диқанның еңбегі – әр отбасының әл-ауқатына қосқан үлесі. Қазіргі уақытта көктемгі дала жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізу – біз үшін басым міндет», – деді Құмар Ақсақалов.
Жиын соңында облыс әкімі Құмар Ақсақалов егіс науқанын сапалы өткізуді қамтамасыз ету үшін аудандар мен Арқалық қаласының әкімдеріне бірақатр тапсырма жүктеді.
Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды