Қуатты өңір – қуатты Қазақстан

14 августа 2025 9:01 • 310 просмотров

Қостанайда Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысы өтті.

Көшпелі отырыста Қостанай облысының ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту, агроөнеркәсіптік кешенде жоғары бөлініс деңгейіндегі өнім өндіру көлемін арттыру, өнеркәсіпті дамыту және инновациялар, өңір өнеркәсібін әртараптандыру, жаңа технологияларды енгізу және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өңірлік ғылымды қолдау және технологиялар трансфері, өңірдің ғылыми қызметін күшейту, өндіріске кадр даярлау, адами капиталды дамыту, өнеркәсіпке экологиялық тұрғыдан орнықты технологияларды енгізу, өндіріс пен агросекторды цифрлық трансформациялау, өңір экономикасына, соның ішінде ауыл шаруашылығына заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізу тәрізді мәселелер қаралды.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде алдағы он жыл ішінде Қазақстанды астықты терең өңдеу өнімдерін өндіру және жеткізу бойынша әлемдегі он ірі елдің қатарына қосу, сондай-ақ аграрлық секторды индустрияландыру және өңірлерде ғылым мен инновациялық дамуды жан-жақты қолдау қажеттігін тапсырған болатын. Осы тапсырмаларды іске асыру – көшпелі отырыстың басты мақсаты.

Алқалы жиынға Президент жанындағы ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Сенат депутаттары, мемлекеттік органдардың, ғылыми мекемелердің, өңірдегі ЖОО-ның басшылары, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және агроөнеркәсіптік кешен, энергетика, денсаулық сақтау салаларының отандық және шетелдік жетекші ғалымдары, сондай-ақ бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.

Меймандар әуелі ІQostanay орталығы ауласына қойылған өндірістік көрмені аралады.

Көшпелі отырыста Қостанай облысының ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту, агроөнеркәсіптік кешенде жоғары бөлініс деңгейіндегі өнім өндіру көлемін арттыру, өнеркәсіпті дамыту және инновациялар, өңір өнеркәсібін әртараптандыру, жаңа технологияларды енгізу және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өңірлік ғылымды қолдау және технологиялар трансфері, өңірдің ғылыми қызметін күшейту, өндіріске кадр даярлау, адами капиталды дамыту, өнеркәсіпке экологиялық тұрғыдан орнықты технологияларды енгізу, өндіріс пен агросекторды цифрлық трансформациялау, өңір экономикасына, соның ішінде ауыл шаруашылығына заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізу тәрізді мәселелер қаралды.

— Мемлекет басшысы «қуатты өңір – қуатты ел» ұстанымына сәйкес жұмыс істеуіміз қажет екенін атап өтті. Қостанай облысы темір кені мен оның концентратын өндіру, азық-түлік өнімдерін шығару, автомобиль жасау бойынша бірінші орында. Сондықтан одан әрі даму үшін төрт негізгі стратегиялық бағыт айқындалды: машина жасау, көлік-логистикалық инфрақұрылым, қара металлургия және агроөнеркәсіп кешені. Мемлекет басшысының елде қуатты өнеркәсіптік негіз қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында біз өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Биыл өнеркәсіп саласында 3 жаңа зауыт іске қосылады: «KIA» зауыты, жүк көліктеріне арналған жетекші белдіктер мен жеңіл көліктерге арналған автокомпоненттер өндіретін кәсіпорын. «KIA» зауыты іске қосылуға толық дайын. Конвейерден алғашқы көлік шықты. Бұл – автомобиль жасау саласындағы озық технологияларды қолданатын жоғары технологиялық өндіріс. Мұнда 70-ке жуық робот жұмыс істейді, бұл өндірістің жоғары деңгейде автоматтандырылуы мен роботтандырылуын қамтамасыз етеді. Жетекші белдікт ерді шығаратын зауытта да 17 робот орнатылған, өндіріс үдерістерінде цифрландыру мен жасанды интеллект элементтері қолданылуда. Жақын арада металлургия мен логистика салаларында тағы үш ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олар: тікелей ыстық брикеттелген темір өндіретін зауыт, болат балқыту зауыты, «Құрғақ порт» көлік-логистикалық кешені. Бұл жобалардың барлығы – логистика, цифрландыру және өнеркәсіп тоғыстырылған жаңа интеллектуалды платформалар. Агроөнеркәсіп саласында былтыр 19 мың тонна сүт өндіретін 3 заманауи жоғары технологиялық сүт фермасы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 4 ферма іске қосылады. 30 мың тонна сүт өндіретін тағы 5 ферманың құрылысы жүргізілуде. Жақын болашақта өңірде өсірілетін және өндірілетін барлық өнім соңғы өнімге дейін өңделетін болады. Бұл олардың қосылған құнын арттырады. Атап өтерлігі – терең астық өңдеу зауытының құрылысы («Kostanai Grain Industry») өте маңызды жоба болып табылады. Оның құны – 71,0 млрд теңге, қуаты – жылына 415 мың тонна бидай, 650 жұмыс орны ашылады. Зауытта крахмал, сироптар, глютен, биоэтанол, аминқышқылдар өндіріледі, – деді өз сөзінде өңір басшысы Құмар Ақсақалов.

Ақылбек Күрішбаев осы уақытқа дейін мұндай отырыстар 8 облыста өткенін, онда аймақтық ғылымды дамыту мәселелері аграрлық, медициналық, мұнай-химия, көлік логистикасы мен ядролық энергетика ғылымдарына баса назар аударыла отырылып талқыланғанын айта келіп, Қостанай облысында өңірлік ғылымды дамытуға бағытталған шараларға тоқталды.

«Бүгінгі отырысымыздың күн тәртібіне қойылып отырған мәселе – Қостанай облысындағы аймақтық ғылымды дамытуды шикізат өңдеу мен аймақ экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелерімен үйлестіре отырып қарау. Бұл түйткілдер күн тәртібіне кездейсоқ қойылған жоқ. Себебі олар қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Өңірде өңдеу саласында қосымша құн қалыптастырудың пайдаланылмаған зор әлеуеті бар. Бұл өндіріс тиімділігін одан әрі арттыруға және жүйелі негізде импортты алмастыру мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы осы мәселеге ерекше назар аударып, үш жыл ішінде АӨК-дегі өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін арттыру міндетін қойды. Бұл АӨК-ні ғылыми-технологиялық жаңғыртуды, цифрлық шешімдерді енгізуді, үздік әлемдік тәжірибелерді пайдалануды және климаттық өзгерістерге бейімделуді талап етеді. Қостанай облысы – ауыл шаруашылығы жер көлемі 10 млн гектардан асатын, еліміздегі ең ірі аграрлық өңірлердің бірі және елеулі индустриялық әлеуетке ие. Өңірдің орнықты дамуы ғылыми тұрғыдан негізделген шешімдерді, климаттық тәуекелдерге бейімделуді, ресурстарды ұтымды пайдалануды, эмиссияны азайтуды және экологиялық технологияларды енгізуді қажет етеді», деді Ақылбек Күрішбаев.

Жалпы, көшпелі отырыстың күн тәртібіне Қостанай облысын кешенді дамытудың басым бағыттары енгізілген. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту, агроөнеркәсіптік кешенде жоғары бөлініс деңгейіндегі өнім өндіру көлемін арттыру жайы талқыға алынды. Өнеркәсіпті дамыту және инновациялар – өңір өнеркәсібін әртараптандыру, жаңа технологияларды енгізу және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру мәселелері қаралды. Өңірлік ғылымды қолдау және технологиялар трансфері – жергілікті жерлерде ғылыми қызметті күшейту, әзірлемелерді коммерцияландыру және өңірге озық технологияларды тарту жөнінде сөз қозғалды. Өндіріс үшін кадрлар даярлау, адами капиталды дамыту, білім беру жүйесін жаңғырту және өңір қажеттіліктеріне сәйкес мамандарды мақсатты түрде дайындау туралы баяндамалар тыңдалды. Экологиялық тұрғыдан орнықты технологияларды енгізу – өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында «жасыл» шешімдерді қолдану, қоршаған ортаға теріс әсерді азайту турасында пайымды пікірлер айтылды. Өндіріс пен агросекторды цифрлық трансформациялау – өңір экономикасына, соның ішінде ауыл шаруашылығына заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізу тетіктері тілге тиек етілді.

Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды