Ұлт ұстанымы айқындалды

22 января 2026 8:20 • 309 просмотров

Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті. Бұған дейін Президент Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен Парламенттік реформа бойынша кезекті жұмыс кеңесін өткізген еді.

Сөз басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында Парламенттің атауын өзгертуді ұсынды.

Мемлекет басшысы құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақтап қалу туралы айтты.

«Болашақ Парламенттің атауы бойынша пікірімді айтсам. Құрылтай деген атауды беру керек деп ойлаймын. Құрылтайдың тарихи аясы да, мағынасы да халқымызға да жақын. Құрылтай отырыстарын жаңғырту бастамасын мен өзім 2022 жылы көтергенмін. Осы баяндаманың басында құрылтай жұмысының тиімділігі мен пайдасына ден қойдым. Жалпы, еліміздің саяси жүйесінде Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақтап қалуымыз керек деп ойлаймын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент депутаттар санына қатысты мәселе қызу пікірталас туғызғанын айтты. Бірінші тарап еліміздегі халық санына қарай пропорционалды уәкілдің идесын ұсынған. Ал екінші тарап депутат санын 500-ге дейін арттыру қажет екенін ұсынған.

«Біздің мақсатымыз – шын мәнінде тиімді әрі кәсіби Парламент құру. Жаңа заң шығарушы орган елдегі ауқымды өзгерістерге заңнамалық тұрғыда барынша қолдау көрсетуге тиіс. Әлемдегі озық тәжірибелерге қарасақ, бұл үшін депутат санын көбейтудің еш қажеті жоқ. Сондықтан мәселе санда емес, сапада. Ең бастысы Парламентте нағыз отаншыл азаматтар, білікті мамандар отыруға тиіс», деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жұмыс тобы азаматтардың ұсыныстарын мұқият зерделеп, қызу талқылаған. Олар Парламенттің мандат саны 145 болуы керек деген тоқтамға келген. Жаңа Парламентте төрағаның 3 орынбасары болуы мүмкін. Ал комитет саны 8-ден аспайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйледі. Президент өз сөзінде Ұлттық құрылтай ауқымды реформалардың негізгі қозғаушы күші болғанын атап өтті.

«Осы ретте, Ұлттық құрылтай айрықша рөл атқарғаны сөзсіз. Төрт жылда құрылтай мүшелері ел өміріне ықпал ететін көптеген маңызды бастама көтерді. Ұлттық құрылтайда айтылған ұсыныстардың негізінде 26 заң қабылданды. Осының өзі Құрылтай ауқымды реформалардың негізгі қозғаушы күші болғанын айқын көрсетеді. Әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нақты қадамдар жасалды. Лудоманияға, яғни ойынқұмарлыққа және нашақорлыққа қарсы белсенді күрес жүргізіле бастады. Ономастика саласындағы жұмыстар ретке келтірілді. Мемлекеттік наградалар жүйесіне жаңадан құрметті атақтар енгізілді. Сол арқылы еңбек адамдарының мәртебесі арта түсті.

Бұдан бөлек біз ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын басты құндылықтарымызды айқындап алдық. Ұрпақтың болашағына зиянын тигізетін кеселдерге барынша тосқауыл қоятын болдық. Құрылтай мүшелері өткен жылғы жиында ішкі саясат саласын ретке келтіру туралы бастама көтерді. Тиісті құжатты әзірлеуге өздеріңіз белсене атсалыстыңыздар.

Былтыр Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді. Енді, осы құжатты басымдық ретінде қарап, белсенді түрде іске асыруымыз керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыдан бекіту туралы ойын айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйледі. Президент өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтай миссиясы табысты аяқталғанын атап өтіп, орнына Халық кеңесін құруды ұсынды.

Мемлекет басшысы Реформалардың жаңа кезеңінде елімізге қоғамдық дамудың барлық мәселелері бойынша жалпыұлттық диалогты тұрақты түрде жүргізуге арналған кең ауқымды платформа, мінбер қажет екенін айтты.

«Жаңа институт ретінде Қазақстанның Халық кеңесін құруды ұсынамын. Жаңа органның қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың функцияларының стратегиялық сабақтастығын, қазақ мемлекеттілігі мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін дәйекті түрде нығайтуды сақтап қалу өте маңызды. Сонымен қатар, Халық кеңесі басқа елдердің консультативтік құрылымдарының тәжірибесін бойына сіңірген жаңа мемлекеттік органға айналады. Оның құрамында барлық этнос, халықтың әлеуметтік тобы мен өңірлер өкілдік алады.

Қазақстанның Халық кеңесі Қазақстанның елдегі жоғары консультативтік орган мәртебесіне ие болады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес құрамын 126 адамнан жасақтауды ұсынды:

42 адам – этномәдени бірлестіктерден;

42 адам – ірі қоғамдық бірлестіктерден;

42 адам – мәслихаттар мен өңірлік қоғамдық кеңестерден.

Халық кеңесінің барлық мүшесін Президент тағайындайды, ал төрағасын оның мүшелері сайлайды. Кеңес төрағасының қоғамдық негізде ротациялық тәртіппен тағайындалатын екі орынбасары, сондай-ақ хатшылық басшысы болады.

Президент Ұлттық құрылтайдың қызметіне белсене атсалысып, реформалардың табысты жүзеге асырылуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады.

Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін наградталғандар тізімі:

I дәрежелі «Барыс» орденімен

Имандосов Самұрат Жұманұлы – еңбек ардагері, Қызылорда облысы

Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» ҚБ төрағасы, Астана қаласы;

II дәрежелі «Барыс» орденімен

Ақылбай Серік Байсейітұлы – «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы, Астана қаласы

Күлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы – «Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы» ЖШС ғылыми жетекшісі, Астана қаласы

Тұрлыханов Дәулет Болатұлы – Парламент Мәжілісінің депутаты;

III дәрежелі «Барыс» орденімен

Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы – «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Қостанай облысы

Досжан Сәуле Мағазбекқызы – жазушы, Алматы қаласы

Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы – Парламент Мәжілісінің депутаты

Сабильянов Нұртай Салихұлы – Парламент Мәжілісінің депутаты

Умарова Айман Муратовна – адвокат, Алматы қаласы

Ізбасов Максим Шафихұлы – Атырау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі;

«Парасат» орденімен

Аңсат Сәби Әбдіқадырұлы – еңбек ардагері, Қызылорда облысы

Әбенов Мұрат Абдуламитұлы – Парламент Мәжілісінің депутаты

Бикебаев Айдын Жолшыұлы – адвокат, Астана қаласы

Кенжеханұлы Рауан – «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ президенті, Астана қаласы

Көшербаев Айтбай Көшербайұлы – еңбек ардагері, Қызылорда облысы

Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы – Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты

Пономарёв Сергей Михайлович – Парламент Мәжілісінің депутаты

Сайыров Ерлан Бияхметұлы – Парламент Мәжілісінің депутаты

Сатыбалды Азамат – актер, Алматы қаласы

Сахариянов Қанат Ақылбайұлы – «Media Holding «Atameken Business› ЖШС бас директоры, Астана қаласы

Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы – «Тандем» телерадиокомпаниясы» ЖШС бас директоры, Ақтөбе облысы

Тілеуімбетов Мұрат Жолкелдіұлы – Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы

Фазылжан Анар Мұратқызы – «А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» РМК директоры, Алматы қаласы;

«Ел бірлігі» орденімен

Дементьева Наталья Григорьевна – Парламент Мәжілісінің депутаты;

«Құрмет» орденімен

Арыстанбеков Қайырбек Төлендіұлы – «Экономикалық саясат институты» мекемесінің президенті, Астана қаласы

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы – «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» ҚБ төрағасы, Астана қаласы

Әскеров Эмин Халилұлы – «Green Tal» әлеуметтік шеберханасының басшысы, Астана қаласы

Базартай Жандос Нұртайұлы – «Amanat» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы

Борашов Раббим Байбозұлы – Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі

Жәлімбетов Қайрат Тыныштықұлы – «Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ директоры, Қызылорда облысы

Қожахметова Ләззат Таймырқызы – Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты

Майгелдинов Қазыбек Өмірзақұлы – «Қытай зерттеушілері қауымдастығы» ҚҚ төрағасы, Астана қаласы

Сарыбай Серік Әбікенұлы – жазушы, Жетісу облысы

Сәдуақасов Серік Тельманұлы – Павлодар облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі

Тау Сырымбек – кәсіпкер, Алматы қаласы

Тұрсынқожаев Қайсар Болатбайұлы – білім мәселелері жөніндегі сарапшы, Алматы қаласы

Шаталов Никита Сергеевич – Парламент Мәжілісінің депутаты;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Матжани Нұрбек Сейілханұлы – журналист, Астана қаласы

Сұлтанхан Мейірбек Бектұрсынұлы – «Хабар» телеарнасының редакторы, жүргізушісі, Қызылорда облысы;

«Шапағат» медалімен

Пак Елена Владимировна – «Ассамблея жастары» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы;

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілсін

Бақтиярұлы Мұрат – қоғам қайраткері, Қызылорда облысы

Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы – саясаттанушы, Алматы қаласы.

Бақыт ТҰРАШ, суреттер akorda.kz