Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 621, 54-81-20, 54-08-30 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Кеншілер қаласында құрылыс қарқынды

Күні кеше ғана Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Рудный қаласына барды. Сапар барысында өңір басшысы бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Бүгінгі таңда кеншілер қаласында ілкімді істер жетерлік.

Өңір басшысы ең алдымен Қостанай-Рудный бағытындағы тас жолдык құрылысымен танысты. Қала қақпасы маңында аймақ басшысын «ҚазАвтоЖол ҰҚ» филиалының директоры Андрей Горват күтіп алды. Ол ұзындығы 28 шақырым келетін автожолды жөндеу үшін қандай материалдар мен технология қолданылғанын айтып, сапасына кепілдік берді.

Облыс әкімі Архимед Бегежанұлы атбасын тіреген келесі нысан – «ССКӨБ» Акционерлік қоғамы болды. Соколов кенішінің көру алаңында кәсіпорын басшысы Береке Мұхаметқалиев Ресей мен Қытай және ішкі нарыққа жыл басынан бері қанша өнім жөнелтілгенін айтып берді, сондай-ақ, кен алыбының даму жоспарымен бөлісті.

Сонымен қатар, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңір экономикасы үшін маңызы жоғары мұндағы цемент зауытына да барды. Кәсіпорынның басқарушы директоры Артем Макласов құны 16,8 млрд теңгені құраған зауытта сәуірде цементтің алғашқы сынама партиясы алынып, мамырда кәсіпорын толық іске қосылғандығын атап өтті. Маусым айында цеменнтің екі маркасы сәйкестік сертификатына ие болды. Ендігі мақсат – Нұр-Сұлтан қаласы, Солтүстік пен Батыс Қазақстанның нарығын бағындырып қана қоймай, өнімді алыс-жақын шетелгі экспорттау.