Бүгін Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Қостанай облысының Әділет департаменті, Қостанай қаласының прокуратурасы, Полиция басқармасы, Әкімшілік полиция басқармасы өкілдерінің, сондай-ақ жеке сот орындаушыларының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара Қостанай облысының әкімі бекіткен 2026–2028 жылдарға арналған салық салу базасын кеңейту және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында салық берешегін өндіріп алу тиімділігін арттыру, заңнамада көзделген мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану, сондай-ақ бірлескен рейдтік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері қаралды.
Уәкілетті органдар арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға, қажетті ақпаратпен алмасуға және бюджетке салық түсімдерінің толық түсуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын үйлестіруге ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен жұмыстың алдағы бағыттары айқындалып, өткізілетін іс-шаралардың нәтижелілігін арттыру жөніндегі шаралар белгіленді.
Мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылы салық салу базасын кеңейтудің, көлеңкелі экономиканы қысқартудың және салықтардың бюджетке уақтылы түсуін қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып табылады.
12 ноября 2026 года В УПРАВЛЕНИИ ГОСУДАРСТВЕННЫХ ДОХОДОВ ПО ГОРОДУ КОСТАНАЙ СОСТОЯЛСЯ КРУГЛЫЙ СТОЛ.
Сегодня Управлением государственных доходов по городу Костанай организован круглый стол с участием представителей Департамента юстиции Костанайской области, прокуратуры города Костанай, Управления полиции, Управления административной полиции, а также частных судебных исполнителей.
Мероприятие проведено в рамках реализации Плана совместных мероприятий по расширению налогооблагаемой базы и противодействию теневой экономике на 2026–2028 годы, утверждённого акимом Костанайской области.
В ходе круглого стола рассмотрены вопросы повышения эффективности взыскания налоговой задолженности, применения предусмотренных законодательством мер принудительного взыскания, а также организации и проведения совместных рейдовых мероприятий.
Особое внимание уделено вопросам межведомственного взаимодействия, обмена необходимой информацией и координации действий уполномоченных органов в целях обеспечения полноты поступлений налоговых платежей в бюджет.
По итогам встречи обозначены дальнейшие направления совместной работы и меры по повышению результативности проводимых мероприятий.
Эффективное взаимодействие государственных органов — важный инструмент расширения налогооблагаемой базы, сокращения теневой экономики и обеспечения своевременного поступления налогов в бюджет.