Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Мергендер бәсекесі

Полиция департаментінің полигонында полиция қызметкерлері мен құқық қорғау құрылымдары арасында «Жастар жылына» орай жауынгерлік қарудан ату бойынша чемпионат өтті. Мергендер бәсекесіне 21 команда қатысты, оның ішінде 17 ПД қызметі және аудандық полиция бөлімдері.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш чемпионат құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында оқ ату спортын дәріптеу, қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті дағдыларды игеру мақсатында өткізіледі. Осы чемпионаттың нәтижесі бойынша Павлодар қаласында өтетін ІІМ республикалық чемпионатына қатысатын Қостанай облысы ПД құрама командасына үздік атушылар іріктелетін болады.

— Бұл полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыруға, олардың қару-жарақпен сауатты жұмыс істеуге үйрету, — дейді «Динамо» облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Виктор Чернявский.

Жалпы командалық орындар келесідей бөлінді. Құқық қорғау құрылымдары арасында 1 орынды полиция департаменті иеленді. Аудандар арасында бірінші орынды Рудный қаласының командасы жеңіп алды.

Осындай жарыстарда Қостанай облысы полиция департаментінің құрама командасы бірнеше рет табысты өнер көрсеткенін айта кетейік. 2018 жылы Тараз қаласында құрамында Нарболат Ақпасов, Владимир Дидух, Қайрат Ашимов, Айсәуле Жеңісқызы сынды мергендері бар облыстық ПД жалпы командалық есепте 3-ші орынға ие болды. Жеке есепте 1-ші орынды Владимир Дидух алған болатын.

– Басты міндет — бұл күшімізді сақтау және біздің жетістіктерімізді көбейту, — деп атап өтті Виктор Чернявски