Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ескерткіш орнатылды

Қостанайда қазақтың алғашқы мүсіншісі Хакімжан Наурызбаевтың ескерткіші ашылды. Құрмет белгісі Алтынсарин-Пушкин көшелерінің қиылысынан орын алған. Мүсінші мүсінінің ашылуына облыс басшылары, халық әртісі Асанәлі Әшімов, туыстары қатысты.

Ескерткіш «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Көркейе бер, Қостанай» жобасын жүзеге асыру аясында орнатылды. Оны орнатуға «Таза жол АТ» ЖШС-нен 18 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Бұдан соң облыстық қазақ драма театрында Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовпен кездесу өтті. Іс-шара басында А.Әшімовтің «Әруақ» фильмі көрсетілді. Сюжетте Ағатай есімді жалғыз басты қарт туралы баяндалады.