Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

«Онлайн» құқықтық көмек көрсетілді

Қостанай облысында «Жолда қабылдау» акциясы аясында полицейлер әлеуметтік желілердің тікелей эфирінде 100-ден астам интернет пайдаланушысының сұрақтарына жауап берді. Азаматтармен онлайн кездесу «Instagram» және «Фейсбук» ведомстволық аккаунттары арқылы көрсетілді.

Қостанайлық полицейлер жүзеге асырған жүздесуді тікелей эфирде мыңдаған азамат тамашалады. Қолданушылар «онлайн» байланыста сауалдарын қойып, тәртіп сақшыларынан құзырлы жауаптарын алды.

-Мұндай қарым-қатынас түрі өте тиімді, себебі көпшілігі бұл уақытта жұмыста, сондай-ақ бізге акцияға келе алмаған мүмкіндігі шектеулі адамдар мен шалғайдағы ауылдардың тұрғындары эфирде сұрақтарын жолдады, — деп атап өтті облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция полковнигі Андрей ГРИГОРЕВСКИЙ.

Жергілікті, әкімшілік және көші-қон полициясының бастықтары азаматтарға шетелдік нөмірлері бар автокөлік құралдарын тіркеу, жол қозғалысы ережелерін бұзу, азаматтық алу және полицияға жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес берді.
​Желі қолданушылар қостанайлық полицейлердің бұл байланыс түрін ерекше атап өтті. Тікелей эфир барысында қолданушылар мың-сан сауалдарымен қатар, өздерінің жылы пікірлерін де қалдарып жатты.

Қостанай қаласында «Жолда қабылдау» акциясы Абай даңғылы бойындағы «Астықжан», «Емшан» ірі сауда орталықтары алаңында өтті. Сонымен қатар, облыста полиция қызметкерлері 40-қа жуық аулада тұрғындарды қабылдап, проблемалық мәселелерді талқылады.