Курс валют
USD 443,62 ₸
EUR 492,24 ₸
RUB 5,36 ₸
CNY 66,53 ₸
Дата курса: 13.11.2026 Источник: НБК

Қостанай полицейлері тексерісті күшейтпек

20 сентября 2019 14:30 • 640 просмотров

Бұл туралы Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов патрульдік полицияның гарнизондық жиналысында хабарлады.

Облыста жыл басынан бері автобус жүргізушілерінің қатысуымен 2 жол-көлік оқиғасы орын алған. Аталған апаттарға автобус жүргізушілері кінәлі.

— Бүгінде автобустардың техникалық жағдайына назар аудару қажет және тізгіншінің «Д» санатындағы жүргізуші куәлігі маңызды, — деп атап өтті генерал патрульдік полицияның жеке құрамына.

Департамент бастығы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған, сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрлігі белгілеген басым міндеттерге тоқталды.