Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Есепшілер мектебі құрылмақ

«Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Қоғамдық кеңес отырысы өтті. Жиын барысында білім саласындағы қоғамдық кеселдің алдын алу жолдары мен 2019 жылдың соңына дейінгі жоспар тізілді.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ақпаратына сәйкес, Қостанай облысында соңғы үш жылда білім саласында 22 қылмыс тіркелген. Оның басым бөлігін білім беру мекемелерінің балабақша меңгерушілері мен есепшілері жасаған.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында жемқорлыққа қарсы күресті жүйелі түрде жүргізу керектігі айтылған. Бүгінде «Nur Otan» партиясы маңызды сұрақтар мен мәселелерді талқылауға арналған алаңға айналды. Мемлекет пен қоғам бұл кеселге қарсы бірігіп, жұмыла күресуі керек, — дейді Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Рашит Нұрмағамбетов.

Облыстық білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюк өңірдегі кәсіби және техникалық білім беру мекемелерінде жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыруға арналған бірқатар іс-шаралар қолға алынғандығын айтты.