Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 (OLD) kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қостанай облысында 600 шақырым жол жөнделеді

Қостанай облысында 2020 жылы 606 шақырым жол қалпына келтіріледі. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде айтылды. 

Өңірде облыстық және аудандық маңызға ие 7 879 шақырым көлік жолы бар. Оның 69%-і қалыпты жағдайда. Қостанай облысы әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Бақытбек Есенғұловтың сөзінше, биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 514 шақырым автокөлік жолы жөндеуден өткен. Жұмсалған қаржы көлемі – 14,5 млрд теңге. 2 шақырым жол толығымен жаңартылса, 4 шақырымға күрделі жөндеу жүргізілген.

«Барлығы 508 шақырым көлік жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінге дейін облыс көлемінде 40 жол телімі жөндеуден өткен. Олардың ішінде «Арқалық – Торғай», «Лисаков – Қайыңдыкөл – Краснооктябрь» сияқты облыстық маңызы бар жолдармен қатар, аудандық маңызға ие 13 жол телімі бар. Қарабалық және Қостанай аудандары құрылыс-монтаж жұмыстарын жоспардан әлдеқайда ертерек аяқтағанын айта кету қажет. Ал Федоров ауданында жұмыс өнбей тұр. Бұл аудан жол жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржының 72%-ін ғана игерген», — деді Қостанай облысы әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Бақытбек Есенғұлов.