Курс валют
USD 443,62 ₸
EUR 492,24 ₸
RUB 5,36 ₸
CNY 66,53 ₸
Дата курса: 13.11.2026 Источник: НБК

Үш арысқа ескерткіш қойылады

3 октября 2019 17:00 • 981 просмотров

Елордада қазақтың үш арысы – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлинге ескерткіштер қойылады, — деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен «Менің тілім – ұлы дала рухы» ХХІ қалалық тіл фестивалінде мәлім етті.

«Биыл халықаралық деңгейдегі Жазушылар конференциясы өтті. Соның аясында Абай даңғылында Жазушылар аллеясын салдық. Сол аллеяда үш арыс — Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай ескерткіштер орнатылады. Өзге де тұлғаларды ұлықтау үшін білім-ғылым ошақтарына белгілі қайраткерлердің есімін беруді жалғастырамыз», — деді қала әкімінің орынбасары.