Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Бейімбеттің биігі

Қазақтың көрнекті жазушысы, классигі, әйгілі ақын Бейімбет Майлиннің 125 жылдығы оның туып-өскен жері – Бейімбет Майлин ауданының орталығы Әйет ауылында және облыс орталығында кеңінен аталып өтті. Биыл арыстың атын иеленген ауданда осылайша қос қуаныш қатарынан тойланды.

Дүбірлі тойға алыс-жақыннан ағылып келген қонақтардың қарасы көп болды. Биыл Тобыл өңірінің жұртшылығы үшін қуанышқа толы жыл болды. Сексен жыл бойы Таранның атын иеленіп келген аудан орталығына оның тарихи атауы қайтарылса, ауданның өз атауы жуырда ғана ҚР Президентінің Жарлығымен Бейімбет Майлин ауданы деп өзгертілді. Қаламгердің 125 жылдығы қарсаңында бұл тамаша жаңалық қалың қазақ жұртының, соның ішінде Би-ағаның ұрпақтарының рухын асқақтатып, ел мерейін көкке көтерді.

– Қазақтың үш бәйтерегі Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин – армандары бір, мақсаттары бір, тағдырлары да бір болған асыл тұлғаларымыз. Бүгін біз, Бейімбет атаның ұрпақтары, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданынан сегіз адам болып келдік. Біз атамыздың 100, 120 жылдығын да жерлестерімізбен бірге тойладық. Алайда биылғы жылдың барлығымыз үшін маңызы бөлек – аудан көптен күткен Бейімбет Майлин атауын алып отыр. Осы орайда, барлық зиялы қауым өкілдері мен жерлестеріме, жергілікті билікке ұрпақтар атынан үлкен рахметімді айтамын, – дейді жазушының немересі Рәзия Бейімбетқызының қызы Зәуреш Сейтжанова.