Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Халық сауалына жауап берді

Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Бекет Аймағамбетов аймақ тұрғындарымен жаңа форматта кездесу өткізді. Өңір әкімдігінде барлық аудан-қалалармен бейне-конференц арқылы байланысқан генерал тұрғындардың сауалын монитор арқылы тыңдап, сол өңірлердегі полиция бөлімдерінің басшыларына мәселенің шешілуін жіті қадағалауына алуға тапсырмалар жүктеді.

Алыс-жақыны бар әр өңірге сапарлап барғаннан гөрі 20 аудан-қала халқының сауал-уәжін экран арқылы естіп, сол арада мәселені шешуге мұрындық болу ең алдымен уақыттың үнемделетіні белгілі.  Халықпен есептік кездесуде Қостанай облысы полиция департаментінің бастығына 30-дан астам сұрақ қойылды, олардың басым бөлігі ауылдардан келіп түскендер.

Мәселен, шекарадағы Қарабалық кентінің тұрғыны Тана Ердосова шекаралық аймақта болуға рұқсат беру мерзімін қысқарту туралы сұрады. Қарабалық ауданының 460 шақырымдай Ресеймен шекаралас жері бар, 9 округ көрші мемлекеттің елді мекендерімен шектеседі.