Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Облыс әкімі оңтүстік аудандарды аралады

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Амангелді ауданына іссапармен барды. Аймақ басшысы ең әуелі Амангелді және есір ауылдарындағы сумен қамту жүйелері құрылысының барысымен танысты.

Сумен қамту жүйелерін жаңғырту Өңірлерді дамыту жобасы аясында қолға алынды. Оны жүзеге асыруға 852 млн теңге бөлінген. Тұрғындар бұған дейін тіршілік нәріне арнайы кесте бойынша қол жеткізіп келсе, енді ауызсу үзіліссіз беріледі.  Одан кейін аудан орталығындағы М.Мәметова, 23А мекенжайында бой көтерген 8 пәтерлі аз отбасылы тұрғын үйге бас сұқты. Жас отбасыларға арналған баспана демеушілер қаржысына салынған. Сондай-ақ, аймақ басшысы осы жылы ашылған «Жастар» саябағына ат шалдырды.