Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Шағын несиелер кәсіпкерлерді күтеді

Елбасының әлеуметтік бастамаларын іске асыру аясында Қостанай облысының қалаларында шағын несиелеуге биыл 1,3 млрд теңге бөлінді. Сондай — ақ қосымша — «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ҚФ арқылы қалаларда шағын бизнесті қолдау үшін 250 млн. теңге. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен кеңесте кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Роза Горянная мәлімдеді.

Жоспарға сәйкес, ағымдағы жылы 142 шағын несие беру қажет, оның ішінде 126 шағын несие — екінші деңгейлі банктер арқылы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 16 несие берілуі тиіс.

Горянная хабарлағандай, 15 қыркүйекте банктер 753,2 млн.теңге сомасына 81 шағын несие берген. Шағын несиенің орташа сомасы 9,3 млн. теңгені құрайды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы несие беру қазан айынан басталады.
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов банктерге микрокредиттер беру бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті:
— Кәсіпкерлерге несие беру шарттарын түсіндіру және табысты мысалдар туралы айту қажет.