Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қайырымдылық шарасы

Қостанайлық «Тобыл» футбол клубының ұжымы қайырымдылық аукционнын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Турист» қонақүйінде «Тобыл» ойыншыларының жейделері бәссаудаға түсті. Осымен сегізінші рет өткізіліп отырған қайырымдылық аукционына қостанайлық бірнеше футболшының киімі сатылды. Бұл шараның мақсаты – көмекке зәру Адис Теміровке қол ұшын созу.

Оны аман алып қалу үшін Түркияда ота жасау керек. Оған үшінші дәрежелі мұрын-ішек қатерлі ісігі диагнозы қойылған. Бәссаудаға Артем Шерстов, Данияр Семченков, Сенин Себаи және Фернандер Кассай сынды футболшылар қатысты. Әуелгіде жиналғандар аса белсенділік таныта қоймағанмен бара-бара аукцион қыза түсті. Бастапқыда 1000 теңгеден басталған футболкалар әртүрлі бағаланды.
Мәселен, чехиялық легионер Эгон Вухтың киімі 5000 теңгеге сатылса, Бауыржан Тұрысбек киген формасы 10000 теңгеге өтіп кетті. Ал Фернандер Кассайдың жейдесі ең қымбат бағаға сатылды. Ол үшін футболшы Сенин Себай 20000 теңгесін аямады.