Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ауқымды велошеру өтті

Елімізде қазан айының бірінші жексенбісінде – мұғалімдер күні атап өтіледі. Аталмыш мерекеге орай Қостанай облысының орталығында Ыбырай Алтынсарин кесенесі менТәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жағалау бағыты бойынша ауқымды велошеру өтті.

Велошеруге облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев, Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов, педагогтар мен мемлекеттік қызметкерлер және велосипедпен жүретін әуесқойлар қатысты. «Вело Қостанай» қауымдастығының балалары да аталмыш шергуе атсалысты. Осы шараға арнайы Лисаковск тұрғындары да келгенін айта кету керек.

Кесенеде велошеруге қатысушылар Ыбырай Алтынсарин мемориалына гүл шоқтарын қойып, қазақ халқының зайырлы білім алуына бастау алған ұлы педагогты еске алды.

Бұқаралық спортты дамыту мен саламатты өмір салтын насихаттауға ауқымды веложарыстың өтуіне Қостанай велоқауымдастығының мұрындық болғанын атап өткен жөн. Дәстүрлі шараға облыс әкімдігі де қолдау білдірді. Жарысқа 250-ден астам адам қатысты. Лисаков, Рудный қалалары мен Денисов ауданынан 30 велосипедші келді. Облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев бастаған спортышылар 15 шақырым қашықтықты жүріп өтті. Шараға 10 жастағы балалардан бастап 70 жасты алқымдаған қарияларға дейін қатысты.