Халықаралық форум өтті

13 октября 2019 13:00 • 610 просмотров

Қостанайда ІІ Дүниежүзілік соғыстың басталғанына 80 жыл толуына байланысты халықаралық форум өтті. Іс-шара Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ-де Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Селим Хазбиевичтің арнайы қатысуымен өтті.

Форум аясында «Күрес пен Қасірет» атты Польша СІМ деректі көрмесі, «Қазақстандағы польшалық делегатура. 1941-1943 жж.» (авторлары Д.Легкий, С.Хазбиевич, А.Беркімбаева) аталатын польшалық және қостанайлық ғалымдардың кітаптары таныстырылды, сондай-ақ «ІІ әлем соғысы және оның мұрасы» ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

Елші Селим Хазбиевич бұл оқиғаны ұмытуға болмайтынын, сұм шақтардан қалған естеліктер мен сабақтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу керектігін сөз етті. Форумға қатысушылар бұл шараның Қазақстан мен Польша арасындағы көпжылдық достық пен ортақ тарихтың көрінісіне балап, мән-маңзына тоқталды.