Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Президенттік жастар кадр резерві үміткерлерінің «Қабілеттерін тестілеу» кезеңі аяқталды.

16 октября 2019 12:01 • 484 просмотров

24 сағат ішінде үміткерлер күрделі мәтіндік және сандық ақпаратты талдау қабілеттерін анықтауға бағытталған тесттен өтті.

Әрқайсысы 25 тапсырмадан тұратын вербалды және сандық тесттен өтуге сәйкесінше 25 минуттан берілді. Бұл кезеңде қатысушылар шектеулі уақыт ішінде мәтіндік материалдар мен құжаттарды талдады, сандық көрсеткіштері бар диаграммалармен, кестелермен жұмыс жасады. Тапсырмалар барынша зейін мен аналитикалық қабілеттілікті талап етті.

Тестілеу верификациясына ең жоғары балл жинаған 904 қатысушы жіберілді.

Сандық және вербалды тестілердің күрделілігі үздік үміткерлерді іріктеуге мүмкіндік берді. Белгіленген талаптарға сәйкес, тестілеуді верификациялауға қабілеттерін тестілеу кезінде ең жоғары балл жинаған 1000 адамнан аспайтын кандидаттар саны жіберіледі. Тестілеудің нәтижесі бірнеше үміткерлерде тең болған жағдайда іріктеудің келесі кезеңіне 1000 адамнан аспайтын үміткерлер саны жіберілуі мүмкін.

Белгіленген талаптарға сәйкес өту шегі 50-ден 30-ды құрады, бұл үміткерлердің қабілеттерінің жақсы деңгейін көрсетеді.

Қазіргі уақытта тестілеудің келесі кезеңі – тестілеуді верификациялауға жіберілгендер тізімі — Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми сайтында және pkrezerv.kz онлайн-платформасында жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, іріктеуге қатысу үшін алғашқы тіркеуден 13212 адам өтті, оның ішінде қыркүйек айының соңына дейін 7312 үміткер тіркеу рәсімін толығымен аяқтады.

Тестілеуге 5745 үміткер қатысты. Президенттік жастар кадр резервіне барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша тек 300 үздік және барынша даярланған жастар алынатындығын ескере отырып, қабілеттерін тестілеу кезеңінде бәсекелестік бір орынға 19 адамды құрады.

Қатысушылардың тестілеуді қалай өту керек және күтпеген жағдайда туындаған мәселелер болған жағдайда не істеу керек, басқа да қойылған сұрақтарына онлайн режимде әлеуметтік желілерде және платформаның өзінде уақытылы тиісті жауаптар берілді.

Тестілеуді верификациялау 19 қазанда өтеді. Оны өту үшін үміткерлерге вебкамерасы мен микрафоны бар стационарлық компьютер немесе ұқсас гарнитурасы бар ноутбук қажет.