Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Тиімді диалог тетіктерін меңгерді

Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада «БАҚ қоғаммен тиімді диалог құралы ретінде» атты журналистер семинары өтті. Ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған шараға 40 шақты журналист қатысты. Олардың ішінде облыстық, қалалық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.

Іс-шара аясында екі секция жұмыс істеді. Орыс тілді БАҚ өкілдерімен «Хабар» арнасындағы «Qoǵamdyq talqylaý» бағдарламасының авторы Саят Жөкенұлы ой бөлісті. Онда қазіргі журналистикаға қойылатын талаптар, сапалы контент-мейкинг туралы сөз болды. Ал қазақ тілді журналистерге астанадан арнай келген белгілі журналист Арнұр Асқаров семинар өткізді. Ол қазақ баспасөзіндегі іскерлік журналистика, оның бағыт-бағдары, экономика, мұнай, қаржы тақырыптарына сараптамалық мақала жазу мәселесі және дата-журналистика төңірегінде ой өрбітіп, деректерді сөйлету, оны оқырманға ұғынықты жеткізу жолдары, қазақ баспасөзінде жиі көтерілетін тақырыптар жөнінде әңгімеледі.