Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 (OLD) kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ауданда оң өзгеріс көп

Бұған дейін жазғанымыздай облысымыздың оңтүстік аудандарында мемелкеттік бағдарламалардың арқасында іргелі істер атқарылып келеді. Әсіресе, ежелден қалыптасқан ата кәсіпті өрістеткендер көп. Бұл жөнінде облыс орталығына баспасөз жиынын өткізуге келген Аманкелді ауданының әкімі Әмірхан Асанов журналистерге айтып берді.

Батыр атындағы ауданның ауыл шаруашылық саласында сегіз айда 8,5 млрд теңгенің өнімі өндірілген. 3,1 мың тоннадан астам ет, 29,5 мың тонна сүт, 6,2 млн данаға жуық жұмыртқа алынды. Егін шаруашылығымен айналысатын 88 серіктестік пен шаруа қожалықтары 2 млрд астам теңгенің өнімін өндіріп отыр.

— Биылғы егістік көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 7 232 гектарға ұлғайып, барлық егістік көлемі 138 мыңнан астам гектарды құрады. 126, 9 мың гектар жаздық бидай алаңынан алынған өнім 85 мың тонна, гектарынан 6,7 центнерден оралып отыр, — деді батыр атндағы ауданның әкімі Әмірхан Асанов.