Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Еңбегі еленді Мақала авторы

Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин: «Жүректің батырлығын қажет ететін мамандықтың тізгінін ұстау – ерекше бақыт. Ұстаз мәртебесін иелену, шәкірт жүрегінен орын табу – маңдайға жазыла бермейтін бақ», — деген екен. Осы тұрғыдан алғанда Амангелді ауданы, А.Нұрманов орта мектебінің мұғалімі Әсел Жапарова – білім мен тәрбиені егіздестіріп, өзі тәрбиелеп отырған шәкірттерінің жүрегінен таланты мен тектілігін тоғыстырған бақытты жан.

Бүгінде Әсел Мұратәліқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының білім үздігі, ІІІ дәрежедегі «Еңбек даңқы» орденінің иегері Данагүл Әлменованың айтуынша, Байғабыл ауылында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің мықты шоғыры бар.

– Бұл мықты шоғырды Құралай Нұрғалиева, Гүлбарам Қаласова, Әсел Жапарова сынды білікті педагогтар жалғастырып келеді. Олардың қай-қайсысы болсын, өз ісінің шеберлері. Әсел Мұратәліқызының шәкірттері 7 рет облыстық, 3 рет республикалық байқауларда жеңіске жетті. Сонымен қатар 9 сыныпқа арнап «Құрмалас сөйлем», 8 сыныпқа «Әдебиет – сөз өнері» тақырыбында авторлық оқулықтар дайындады. Бұл – үлкен жетістік. Ол 2014 жылы «Өрлеу» Ұлттық біліктілік көтеру орталығы жанындағы Кембридж технологиясы бойынша жаңа форматтағы біліктілік арттыру курсының І (ілгерінді) деңгейін аяқтады. Осы жылдардағы «Топтық жұмыс – оқушы белсенділігінің құралы» тақырыбындағы зерттеу жұмысын облыстық деңгейде таратып, арнайы жинаққа енгізді, — дейді Данагүл Шаштыбайқызы.