Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 621, 54-81-20, 54-08-30 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Байтасов кубогы рудныйлықтарға бұйырды

Қостанай ауданының полиция бөлімінің бастамасымен Затобол кентіндегі «Астана» спорт кешенінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған полиция қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті.

Жарысты Қостанай облысы ПД кадр саясаты басқармасының бастығы полиция полковнигі Бағдат Итесов ашып, қаза тапқан қызметкерлерді еске алуға арналған спорттық іс-шаралар тұрақты негізде өткізіліп жатқанын атап өтті.

Полиция департаментінде О. Семин, М. Досымханов, Б. Қасымовты еске алу турнирілері дәстүрге айналған. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған Ғ. Байтасов турниріне облыстың 14 командасы қатысты.

Турнир тартыста өтті. Финалдық бәсекеде Рудный қаласы полиция басқармасының командасы мен Қостанай қаласы басқармасының командасы кездесті. Тартысты кездесуде кеншілер басым түсті.