Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылады

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап республика бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы енгізіледі. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу барысында мүмкіндігі шектеулі жандар оңалту құралдарына және арнаулы қызметтерге өз бетінше тапсырыс бере алатын әлеуметтік қызметтер порталы таныстырылды.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту құралдарына протездік-ортопедиялық, сурдо-тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ мүгедектер арбалары жатады. Арнайы әлеуметтік қызметтер жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және санаторий-курорттық емделу қызметтерін қамтиды.

–Бүгінгі күні техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін алуға мүгедектік белгіленген күнінен бастап 8 айға дейінгі уақыт кетеді. Бұл мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ұзақтығына байланысты болып отыр. Қызмет алушылар тендер жүйесі оларға мүлдем сәйкес келмейтіндігін айтады. Жыл сайын олар қызмет көрсету сапасы мен медициналық құрылғылардың сапасының нашарлауына жиі шағымданады. Порталды енгізу оңалту қызметтеріне қажеттілікті есепке алудың ашық еместігі факторын болдырмауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, оңалту қызметтері мен құралдарының оларды алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келмеу проблемаларын шешеді, себебі мүгедектігі бар адамдар тауардың және қызметтің қажетті түрін өз бетінше таңдай алады, – деді Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүгедектер және ардагерлермен жұмыс бөлімінің басшысы Қаламқас Ақатаева.