Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады

Қостанайда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында мемлекеттік қызметші ретінде ішкі істер органдарында еңбек жолын бастаған 8 жас маман ант қабылдады.

Салтанатты рәсім Қостанай облысы полиция департаментінің музейінде өтті. Оған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерлан Салықбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы директорының м.а. Майра Бекенова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аға менеджері Әсия Тулекова қатысты.

Полиция департаменті бастығының орынбасары полковник Ардақ Ынтықбаев мемлекеттік қызметші адал, қарапайым, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауы керектігін, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы тиіс екенін атап өтті.